Иммунопрофилактиканың маңыздылығы

фото: интернеттен

Қазақстан Республикасында иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып табылады.Тұрғындарды вакцинациялаудың нәтижесінде вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулармен сырқаттанушылық деңгейін едәуір төмендетуге қол жеткізілді.

 
Атырау облысында иммундау жұмыстарының нәтижесінде соңғы 10 жылда полиомиелит, қызамық, сіреспе, күл және т.б. екпемен басқарылатын инфекциялық аурулар тіркелген жоқ. Атап айтқанда вакцинациялау жұмыстары енгізілген уақыттан бастап қызамық ауруын 47 есе, жіті «В» вирустық гепатит ауруы 46 есе, «А» вирустық гепатит 10 есе төмендеген, сіреспе ауруының соңғы жағдайы 2009 жылы тіркелді.
Иммунизациялаудың қажеттілігі жоғары, себебі гигиена, санитария, қауіпсіз сумен және тағаммен  қамту деңгейінің жақсаруы кейбір инфекциялық аурулардың алдын алуға жеткіліксіз. Аталған шараларды ұстанудың арқасында ауа арқылы таралатын аурулардың таралуын тоқтату қиын. Иммундауды оптимальды деңгейде ұстамасақ және халық арасында топтық иммунитетті қалыптастырмасақ, екпемен басқарылатын көптеген аурулар қайта пайда болуы мүмкін. 
Балаларды сапасы кепілдендірілген және тиімді вакцинамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады. Қазіргі қолданыстағы вакциналар 20 жыл бұрынғы қолданылған вакциналармен салыстырғанда жоғары деңгейде тазартылған.
Әр лицензиясы бар вакцина бірнеше кезеңнен тұратын тексерістен өтіп барып, қолдануға рұқсатын алады. Қандай да бір көрсеткіші бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда дайындалған вакцинаның барлық партиясы толықтай жойылады. Өндірілген елден, республикамызға жеткізілген уақытта қайта толық тексерістен өткізіледі. Әрі қарай сапасы дәлелденгеннен кейін облыстарға таратылады.
Көп жағдайда вакцина шамалы және уақытша реакция тудырады, атап айтқанда вакцина еккен жердің ауруы, дене қызуының жоғарылауы.
Екпеден кейінгі ауыр реакциялар өте сирек кездеседі, мұқият бақыланады және тексеріледі. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқаста вакцинадан емес аурудың салдарынан ауыр зардаптарға ие болу мүмкіндігі әлдеқайда көп. Мысалы, полиомиелит ауруы параличке әкелуі мүмкін, қызылша - энцефалит пен соқырлық тудыруы мүмкін, ал кейбір аурулар тіпті өлімге әкелуі мүмкін (сіреспе). 
  Бактерия мен вирустар шекараны білмейді. Екпемен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар елімізде тіркелмегенімен, олардың қоздырғыштары қоршаған ортада әлемнің кейбір елдерінде айналымда бар. Қазіргі заманда елдердің өзара байланысына байланысты олар географиялық шекараны өтіп келіп, екпе алмаған адамдарға жұқтыру мүмкін. 
  Вакцина ектірудің екі басты себебі - өзінді және айналандағы адамдарды қорғау. 
  Вакциналар иммундық жүйемен өзара әрекеттеседі, нәтижесінде иммундық жауап тудырады, ауру тудырмайды. Мысалы: қызамық ауруын жұқтырғанда туа біткен патологиялар дамиды, вирустық гепатит «В» ауруын жұқтырғанда бауыр циррозы немесе бауыр обырына айналады, т.б.
   Еліміздегі профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесі бойынша вакцинациялау сәби дүниеге келген алғашқы күндерден басталады. Жыл сайын республика бойынша көптеген жағдайларда діни көзқарастарына байланысты балаларына екпе салудан бас тартатын ата-аналар саны өсіп келеді. Қол жеткен жетістіктерге байланысты инфекциялардың өте қиын өткені ұмытыла бастады. Инфекциялар мәңгіге жойылды деген алдамшы әсер қалыптасты. Соған сәйкес иммундау қажеттілігіне де күмән тудырыла бастады. 
Өз балаңызды вакцинациялау туралы мәселені шешкен кезде интернеттен алынған, ешқандай негізі жоқ, нақты ғылыми деректерге сілтемесі жоқ, вакцинопрофилактика саласында медициналық мамандағы жоқ адамдардың айтқан деректерін емес, ең бірінші ғылыми негізделген ақпарат көзін, ғалымдардың жарияланымдарын басшылыққа алу керек. Жұқпалы ауруларға қарсы егулердің сәл үзіліс болған жағдайда ауруларға сезімтал адамдардың саны көбейіп,  ауру індетіне айналып кету мүмкіндігі өте зор. Сол себепті, ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес белгіленген инфекциялық ауруларға қарсы екпелер жасына сай уақытылы алынған жағдайда ғана тиімді болатынын еске саламыз!


Исатай аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау                              
басқармасының  басшысының у.м.а                                          

 Г.Б.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT