Қазақстан Республикасында иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып табылады. Тұрғындарды вакцинациялаудың нәтижесінде вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулармен сырқаттанушылық деңгейін едәуір төмендетуге қол жеткізілді.
Адамзат тарихында денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір әрекет иммундау сияқты тиімді және қауіпсіз түрде аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін қысқарта алмайтыны дәлелденген.
Халық арасында иммунизация (вакцинация) туралы жалған (қате) идеялар таралуда.
1. Гигиена мен санитарияның деңгейінің жоғарлауынан инфекциялық аурулар өздігінен жойылады – екпенің қажеті жоқ (қате пікір).
Иммунизациялаудың қажеттілігі жоғары, себебі гигиена, санитария, қауіпсіз сумен және тағаммен қамту деңгейінің жақсаруы кейбір инфекциялық аурулардың алдын алуға жеткіліксіз.Себебі аталған шараларды ұстанудың арқасында ауа арқылы таралатын аурулардың таралуын тоқтату қиын. Иммундауды оптимальды деңгейде ұстамасақ және халық арасында топтық иммунитетті қалыптастырмасақ, екпемен басқарылатын көптеген аурулар қайта пайда болуы мүмкін.
2.Вакциналар көптеген зиянды және ұзақ өтетін жанама әсер туғызады. Вакцинациялау өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін (қате пікір).
Вакциналар қауіпсіз. Балаларды сапасы кепілдендірілген және тиімді вакцинамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады. Қазіргі қолданыстағы вакциналар 20 жыл бұрынғы қолданылған вакциналармен салыстырғанда жоғары деңгейде тазартылған.
Әр лицензиясы бар вакцина бірнеше кезеңнен тұратын тексерістен өтіп барып, қолдануға рұқсатын алады. Қандай да бір көрсеткіші бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда дайындалған вакцинаның барлық партиясы толықтай жойылады. Өндірілген елден, республикамызға жеткізілген уақытта қайта толық тексерістен өткізіледі. Әрі қарай сапасы дәлелденгеннен кейін облыстарға таратылады.
Көп жағдайда вакцина шамалы және уақытша жергілікті реакция тудырады, атап айтқанда вакцина еккен жердің ауруы, дене қызуының жоғарлауы.
Екпеден кейінгі ауыр реакциялар өте сирек кездеседі, мұқият бақыланады және тексеріледі. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқаста вакцинадан емес аурудың салдарынан ауыр зардаптарға ие болу мүмкіндігі әлдеқайда көп. Мысалы, полиомиелит ауруы параличке әкелуі мүмкін, қызылша - энцефалит пен соқырлық тудыруы мүмкін, ал кейбір аурулар тіпті өлімге әкелуі мүмкін (сіреспе).
Екпе егудің алдында дәрігер нәрестені мұқият қарайды. Дәрігер профилактикалық екпе туралы, екпеден кейінгі күтілетін реакциялар, екпеден бас тартқанның салдары туралы толық және шынайы мәліметтер береді.
3. Менің елімде вакциналар арқылы алдын алатын аурулар жойылған, сондықтан вакцинация алуға ешқандай себеп жоқ. Вакцинамен басқарылатын инфекциялар сирек кездеседі (қате пікір).
Бактерия мен вирустар шекараны білмейді. Екпемен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар елімізде тіркелмегенімен, олардың қоздырғыштары қоршаған ортада әлемнің кейбір елдерінде айналымда бар. Қазіргі заманда елдердің өзара байланысына байланысты олар географиялық шекараны өтіп келіп, екпе алмаған адамдарға жұқтыру мүмкін.
Вакцина ектірудің екі басты себебі - өзінді және айналандағы адамдарды қорғау.
4. Бір мезгілде бірнеше вакцина егу баланың иммундық жүйесін ауырлататын зиянды жанама (қате пікір).
Ғылыми дәлелденген зерттеулерге сәйкес, бірнеше вакцинаны бір мезгілде енгізу баланың иммундық жүйесіне теріс әсерін тигізбейді. Балалар күнделікті өмірде иммундық жауап тудыратын бірнеше жүзден астам бөтен агенттердің әсеріне ұшырайды. Күнделікті тамақтану арқылы баланың ағзасына тамақпен жаңа антигендер енеді, ал ауыз бен мұрын қуысында көптеген бактериялардың түрі өмір сүреді. Жай суық тию немесе баланың тамағы ауырған жағдайда вакцина алғанға қарағанда, оданда көп антигендердің әсеріне ұшырайды.
Еліміздегі профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесі бойынша вакцинациялау сәби дүниеге келген алғашқы күндерден басталады. Екпе салу мерзімі кездейсоқ анықталмайды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мұқият зерттелген және ұсынылған ғылыми мәліметтерге негізделген. Яғни, аналық антиденелер баланың ағзасына беріледі де, аз уақыт сақталады: күл ауруына қарсы 2-3 ай, қызылшаға қарсы 6 айға дейін, ал бала туберкулез бен «В» вирустық гепатитіне қарсы мүлдем қорғалмаған болып туады
Жыл сайын республика бойынша көптеген жағдайларда діни көзқарастарына байланысты балаларына екпе салудан бас тартатын ата-аналар саны өсіп келеді. Қол жеткен жетістіктерге байланысты инфекциялардың өте қиын өткені ұмытыла бастады. Инфекциялар мәңгіге жойылды деген алдамшы әсер қалыптасты. Соған сәйкес иммундау қажеттілігіне де күмән тудырыла бастады.
Өз балаңызды вакцинациялау туралы мәселені шешкен кезде интернеттен алынған, ешқандай негізі жоқ, нақты ғылыми деректерге сілтемесі жоқ, вакцинопрофилактика саласында медициналық мамандағы жоқ адамдардың айтқан деректерін емес, ең бірінші ғылыми негізделген ақпарат көзін, ғалымдардың жарияланымдарын басшылыққа алу керек.
Жұқпалы ауруларға қарсы егулердің сәл үзіліс болған жағдайда ауруларға сезімтал адамдардың саны көбейіп, ауру індетіне айналып кету мүмкіндігі өте зор.
Г.Б.Бисенбай
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы м.у.а.