Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен Атырау облысы аумағындағы көтерме және бөлшек сауда нысандарынан «Жеңіл өнеркіп өнім» сынамалары іріктеліп алынып отырады.
Жыл бойына облыс аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдері сатып алынып, алынған өнімдер Кеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі тексерілді. Күні бүгінге дейін сараптамалауға тапсырылған өнім сынамаларынан таңбалануы бойынша сәйкессіздіктер анықталып отыр.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша қала және аудан аумағында орналасқан жеңілөнеркәсіп иелеріне Кеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сай, сәйкессіздікті жоюне қайтару жұмыстарын жүргізу жөніндегі нұсқамалар берілді.
Өздеріңізге белгілі, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіргелі одаққа мүше елдер арасында құжаттар қабылдана бастады. Солардың бірі Кеден одағының техникалық регламенттері (КО ТР). Қазіргі таңда өптеген КО ТР қабылданып күшіне енген. Сондай регламенттің бірі «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 017/2011 КО ТР.
Осы құжат Қазақстан, Беларусь және Ресей елдеріңнің ортақ қағидалары мен техникалық реттеу ережелері туралы келісіміне сәйкес 2010 жылдың 18 қарашасында, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің біріңғай талаптарының орындалуы мен Кеден одағы аумағында ешқандай кедергісіз айналымға шығуын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. 2011 жылдың 9 желтоқсан айында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында, Кеден одағы комиссия мүшелерімен «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР қабылдау туралы №876 ШЕШІМІ қабылданды. Қабылданған шешім аясында 2012 жылдың 1 шілдесінде аталмыш регламент күшіне енді.
Енді осы 017/2011 КО ТР туралы айтатын болсақ, бұл құжаттың да басқа регламенттер сияқты жалпы қамтитыны: өнім қаіпсіздігі, тұтынушы құқығы, мемлекеттік бақылау, саудадағы техникалық кедергі т.б.. Демек басты мақсат өнімді пайдаланатын тұтынушылардың алданып қалмауы, адам өмірі мен денсаулығының қорғалуы. Қолданылу аясы Кеден одағы аумағында бірдей күшке ие. Осы регламентке кіретін өнімдерді талдай кетер болсақ, олар: тоқыма материалдары, трикотаж және тігін киімдері мен бұйымдары, кілем бұйымдары, былғары галантериялық және тоқыма галантериялық, киіз өнімдері, аяқ киім, тері және тері бұйымдары, былғары және былғары бұйымдары, жасанды былғарылар. Ал бұл регламентке кірмейтін өнімдер: бұрын қолданылған өнімдер, тек тапсырыс бойынша жасалған, балалар мен жеткіншектерге арналған, медицинаға арналған бұйымдар, каптамаға арналған тоқыма кап материалдары, техникаға арналған материалдар мен бұйымдар, кәдесыйлар мен көркемөнер бұйымдары, спорттық командаларды жабдықтауға арналған спорттық бұйымдар, постижерлік өнімдер (жасанды шаштар, жапсырмалы мұрт, сақалдар т.б.). Жеңіл өнеркәсіп өнімдері биологиялық, механикалық және химиялық қауіпсіздіктерімен бағаланып анықталады. Кез келген жеңіл өнеркәсіп өнімдері осы регламент талаптарына сай болған жағдайда ғана Кеден одағы аумағына сауда айналымына шыға алады. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталмаған жеңіл өнеркәсіп өнімі, Кеден одағы мемлекеттер-мүшелеріні біріңғай белгісімен таңбаланбауы тиіс және нарық айналымына шығарылымға жіберілмейді.
Таңбалауға қойылатын талаптар:
Өнімнің таңбалануы тексеру және сәйкестендірілу үшін анық, оқылымды және қол жетімді болуы қажет. Таңбалану келесідей қажетті ақпараттармен қамтылуы тиіс:
- өнімнің аталуы;
- өндіруші елдің атауы;
- өндіруші не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның атауы;
- өндірушінің не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның заң бойынша мекен-жайы;
- бұйым өлшемі;
- шикізат құрамы;
- тауар белгісі (бар болған жағдайда);
- нарықта Кеден одағы мемлекеттер-мүшелерінің өнімге беретін біріңғай белгісінің болуы;
- өндірушінің кепілдеме міндеттері (қажет болған жағдайда);
- өндірілген күні;
- өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).
Өнім түрлеріне байланысты салмақ, сұрыпы, үлгісі және т.б. көрсеткіштері көрсетіледі.
Жеңіл өнеркәсіп өнімі нарық айналымына шықпас бұрын, мағлұмдама сәйкестігі немесе сертификаттау түрінде болатын, осы техникалық регламент талаптарына сай сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуі тиіс. Сертификат Кеден одағының сынау зертханалары мен сертификаттауы бойынша Біріңғай тізілімге кіретін, сәйкестікті растау органымен беріледі. Сәйкестікті мақұлдауда өтінішкер жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін.Жоғарыда айтылған негіздерден, Кеден одағының техникалық регламенті – бұл біздің және сіздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін арналған, күнделікті тұрмыста тұтынатын өнімдер үшін қауіпсіздік талаптарын анықтайтын құжат. Сол себепті біз халық үшін аздаған ақпарат беруді жөн деп таптық. Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті туралы толығырақ Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕЭО) сайтынан таныса аласыздар.
Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялықбақылау Департаменті облыс аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға, ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.
Искакова А.С
Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары