Исатай ауданында дәрігерлер жетіспейді

Сәрсенбі күні Исатай аудандық аурухананың мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрғайша Абежанның төрағалығымен алқа отырысы өтті.

Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Жанар Садуова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Орынбек Зирек және дәрігерлер қатысты. Күн тәртібінде аудан аумағындағы денсаулық сақтау мекемелерінің 2022 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды. Бұл салада жеткен жетістіктер және кеткен кемшілік, келешекке межелі жоспарлар жүйеленді. Жиында алғашқы болып аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Орынбек Зирек баяндама жасады. Оның айтуынша, 2022 жылдың 7 ай қорытындысымен туберкулез ауруын ерте анықтау бағытындағы жұмыстар жыл басынан бері 86,3% орындалған, бұл баяндамашының түсіндіруінше төмен көрсеткіш. Құтыру бойынша антирабиялық көмекке жүгіну, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 жағдайға жоғарылаған, яғни 15 жағдай тіркелген, 100 мың халыққа шаққанда 40,9 % көрсеткішті құрап отыр.

_dsc0051

Мұнаң соң  кезекті баяндаманы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жеңісбек Абежанов жасады.

_dsc0047

Ол аудандық аурухананың құрамында Қамысқала, Тұщықұдық, Жанбай және Исатай ауылдық округтерінде 4 дәрігерлік амбулатория, Зинеден және Нарын ауылдық округтерінде 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және аудан орталығынан шалғай жатқан Қызыл үй, Жасқайрат, Томан елді мекендерінде 3 медициналық пункт, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана, 40 төсектік тәуліктік және 20 төсектік күндізгі стационарлық бөлімше халыққа медициналық көмек көрсетіп жатқанын айтты.

- 2022 жылы 7 айдың ішінде 4 дәрігер, атап айтқанда, 2 акушер-гинеколог, 2 терапевт жұмыстан кетіп, 4 дәрігер – педиатр, статист, невропотолог, психатр-нарколог жұмысқа қабылданған. Қазіргі уақытта аудан бойынша әлі де маман тапшылығы сезілуде. Атап айтқанда, 2 ЖПД (жалпы практикалық дәрігер), Жанбайда рентгенолог, инфекционнист, акушер-гинеколог дәрігерлері жетіспейді.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қатысты аурухана теңгерілімінде барлығы 20 автокөлік бар, оның 7-еуінің тозығы жеткен, 1-еуі қолданыстан шығарылды.

Аудандық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетуде қажетті құрал-жабдықтармен 93,7 пайызға қамтылды, - деді ол.

fdsfdsiolio

Сондай-ақ осы жылдың жағымды жаңалығы ретінде Қамысқала және Тұщықұдық ауылдық окрутеріндегі дәрігерлік амбулаториялардың күрделі жөндеуден өткізіліп жатқандығын атады және туу көрсеткіші, амбулаториялық-емханалық көмек, онкологиялық аурушаңдық, жүрек-қантамыр аурулары, туберкулез, жарақаттар мен уланулар, коронавирус індеті жөнінде де мәліметтер бере кетті.

Есеп беру соңында алдағы міндеттер жүйеленді. Аудан тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету және емханадағы қалып­тасып жатқан ұзын-сонар кезектерді болдырмау мақсатында тиісті жұмыстардың атқарылу керектігі назарға берілді.

_dsc0058

Жанар Садуова: - Аудандық аурухананың үстіміздегі жылдың 7 айлық жұмысының қорытындысын тыңдадық. Қазіргі таңда 33 дәрігер жұмыс істеп жатыр. 5 дәрігер жетіспейді. Оның ішінде ең қажетті акушер-гинеколог, инфекционист, жалпы тәжірибелік дәрігерлер жоқ. Бұл – өткір мәселе, - деді және хабар­ламашыларға қосымша сұрақ­тар қойып, биылғы жылды ойдағыдай қорытындылауды тап­сырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521