Исатай ауданында індет жұқтырғандар аудандық ауруханада емделуде

Исатай ауданында елді әбігерге салған індет қайта күшейді.

2022 жылдың 1-23 қаңтары аралығында коронавирустық инфекцияның 143 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Ауылдық округтер бойынша Аққыстауда – 48, Тұщықұдықта – 42, Қамысқалада – 38, Нарында – 3, Жанбайда – 7, Исатайда – 2, Зинеденде – 3 жағдай тіркелген. Бұл жөнінде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан сұрап білдік.

Тіркелген жағдайлар профилактикалық мақсатта тексерілу кезінде, науқас адамдармен жақын қарым-қатынаста  болғаны, аурудың клиникалық белгілеріне шағымданып, медициналық көмекке жүгіну кезінде анықталған. Олардың ішінде 58 жағдай симптомсыз.

Сондай-ақ 2022 жылдың 23 қаңтары күні коронавирус жұқпасының  8, атап айтсақ, Аққыстаудан – 4, Тұщықұдық пен Зинеденнен 2 жағдайдан тіркелген. Оның 2-еуі зейнеткер, 2-еуі мектеп қызметкері, 4-еуі мекеме-кәсіпорын қызметкерлері. Барлық науқас үй карантиніне оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Аудан бойынша тұрғындардың 70 пайызға жуығы екпе алды. Өткен жылдың 22 қарашасынан бастап аурудың алдын алып, иммунитетті нығайту үшін ревакцинация жұмыстары басталып, қазіргі таңда вакцинацияның екі компонентінен кейін 3-ші дозаны 982 адам алған.

Ауданда әсіресе жаз айларында жүкті әйел, балалар арасында аурушылық тіркелді. Күні бүгін  осы контингент арасында КВИ ге қарсы екпе жұмысы бастап жүргізілуде. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырудағы екпе алудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында  Исатай ауданы бойынша 11 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының ата-аналарымен түсінік жұмысы жүргізілді.

Pfizer «Комирнати» вакцинасының ауданға 672 дозасы келіп, күні бүгін 336 адам екпемен қамтылған.

Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 10 төсектік орын ашылып, жұмыс жасауда. Онда қазіргі уақытта індетке шалдыққан 7 науқас ем қабылдауда.

Н.Амангелдіұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT