Исатай ауданы бойынша коронавирус инфекциясының соңғы 14 күнде 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Бақтыгүл Қартмағанбетова онлайн брифинг барысында хабарлады.
Спикер мәлім еткендей, Исатай ауданы бойынша 22 қарашадан бастап ревакцинация басталған.
7 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, 21 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компонентін алған.
Қазіргі таңда Исатай ауданына «Pfizer» компаниясы өндірген «Комирнати» вакцинасының 60 дозасы әкелінген.
«7 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, «Комирнати» вакцинасын 6 адам алған. Оның ішінде 2 –жүкті әйел, 3 - бала емізетін ана, 1-жасөспірім екпе алды», деді спикер.