Атырау қаласы, Теңіз кен орны және Жылыой ауданы инфекцияның негізгі ошақтары, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 620 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 430 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 75 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 46, Индер ауданында - 12, Исатай ауданында - 14, Қызылқоға ауданында - 15, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында-10 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 420 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 207 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 284 адам емделді.
Қазір ем алуда:
- үй жағдайында 6 070 адам,
- модульдік ауруханада - 174,
- екінші облыстық ауруханада-183
науқас, - фтизиопульманологиялық орталықта - 103,
- кардиоорталықта - 106, - т / ж ауруханасында - 101 пациент,
- аудандық инфекциялық стационарларда-399,
- облыстық ауруханада-137 науқас,
- жатақханаларда - 129,
- Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 428 адам.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қою қызыл» аймақта орналасқан.