29 қазан Дүниежүзілік инсультпен күрес күні.Осыған орай Исатай аудандық ауруханасы бойынша емханада және дәрігерлік амбулаторияларда "Ашық есік күні" өтті.
Аудандық емханада кардиолог,офтальмолог,эндокринолог және жалпы тәжірибе дәрігерлері қабылдау жасап 318 адам қаралды,оның 113 аурушылықпен,205 профилактикалық тексерістен өткен. 29 адам бейінді мамандарға кеңеске жіберіліп,5 пациент ауруханаға жатқызылды. 163 адам қан қысымы,антропометриялық өлшеулер,көзішілік қысымды өлшеу және қандағы глюкоза,холестерин деңгейін анықтатқан.Осылайша, ауыл тұрғындары ашық есік күнінде дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, бақылауында болып ем-шарасын алды.