Исатай аудандық ауруханасында оттегі стансысы орнауы мүмкін

Исатай аудандық ауруханасында оттегі стансысын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда.

«Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров айтты» деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

- Облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансысының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансысын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда, - деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр.

Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика