Исатай ауданы бойынша қызылша ауруының 58 жағдайы тіркелді

Фото: интернеттен

Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз – 23 қарашааралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 2886  жағдай тіркелді

(Атырау қаласында – 2538 жағдай, Жылыой ауданында – 121 жағдай, Исатай ауданында -58 жағдай, Құрманғазы ауданында- 43 жағдай, Махамбет ауданында – 13 жағдай, Қызылқоға ауданында-45 жағдай, Индер ауданында-14 жағдай, Мақат ауданында – 54 жағдай).

    Олардың ішінде:

- 1101  жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді (басқа ел мен облыстан әкелінгені – 8: Түркия-3, Тәжікстан-2, Біріккен Араб Әмірлігінен – 1,  Алматы қ.-1, Астана қ.-1; жергілікті - 1093);
- 324  жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді;
- 1461 жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.                             

Қызылша – өте жұқпалы антропонозды жіті респираторлық вирустық инфекция.

 Атырау облысында қызылша аурушылығының соңғы көп тіркелген жағдайы 2019 жылы тіркелді (774 жағдай).

Соңғы екі жылдың қорытындысымен облыста қызылша аурушылығы тіркелген жоқ (2021-2022ж.ж.).

Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел болып отыр.

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразиялық контингенттің орталығында орналасқан, халықтың белсенді көшіп – қонуы жағдайында әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына алғышарттар бар.

Ауру ауа - тамшы жолмен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілемей арқылы таралады.

Аурудың негізгі белгілері - дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктиванын қызаруы, жұтқыншақтын ісінуі,  денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).                                                              

Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін.

Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика. Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежұзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT