Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен -10, Исатай ауданынан - 1 адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған.
Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр.
Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 107 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 28 адам ем қабылдауда.
Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 11 449 адамнан індет анықталған, оның 11 204-сі емделіп шықты.
Сурет: ашық дереккөзден