Исатай ауданынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды

Бүгінгі, яғни, 25 мамырдағы жағдай бойынша Исатай ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталып отыр.

Бұл туралы Исатай аудандық жедел штаб хабарлайды.

«Бұған дейін ауданда COVID-19 инфекциясының оң нәтижесі анықталған барлығы 4 жағдай тіркелген еді. Олар Аққыстау ауылының 1958, 1968 жылдары туған азаматшалары, 1983 және 2008 жылғы азаматтары болатын» делінген жедел штабтың хабарламасында.

Бұдан бөлек, ауданымызда үш жасар баланың да індет жұқтырғаны белгілі болды. Білгеніміздей, науқас бала бұған дейінгі ошақтан шыққан.

«Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаға сәйкес ем алады. Науқастармен жақын байланыста болған адамдарға тексеріс жүргізіліп, инфекция ошақтарына дезинфекция жасалуда. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды» дейді штаб мүшелері.

Сонымен күні бүгін ауданымызда 3 ошақтан 5 жағдай тіркеліп отыр. 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521