Исатай ауданында 245 науқас дертінен айықты

Исатай ауданында мамыр айынан 15 қыркүйек аралығында коронавирус инфекциясының 247 жағдайы тіркелген.

Бұл жөнінде аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің бақылау басқармасының басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова хабарлады.

"Исатай ауданында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай маусым, шілде айларында біршама күрделі болды. Жалпы мамыр – 15 қыркүйек аралығында ауданда 247 жағдай тіркелсе, оның 191 немесе 77,3% симптомсыз, вирустасымалдаушы. Аурушылықтың төтенше көтерілуі маусым-шілде айларына келеді, осы кезде 232 жағдай немесе барлық сырқаттың 93,9 % тіркелді" дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, мамыр айында 5, маусым айында 66, шілде айында 166, тамыз айында 8, қыркүйек айында 2 жағдай тіркелген.

"Күні бүгін 247 науқастың 245-і жазылып шықты. Өлім жағдайы тиісінше маусым айында сырқаттардың 3%, шілде айында 4,2% құрады. Провизорлық стационарда тамыздың 3 жұлдызынан кейін сырқат түскен жоқ, 10 тамыз күні соңғы сырқат жазылып шықты" дейді Бақытгүл Қартмағанбетова.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521