Ішек-құрт ауруларының белгілері қандай?

 

Ішек-құрт ауруы паразитарлық ауруға жатады. Ең көп таралған – домалақ құрттар барлық ішек-құрттағының ішінде көбнесе аскаридалар (ұзындығы 20-25см аскаридоз ауруын шақырады) және острицалар (3-7мм) бұлар энтерибиоздың себебі болып табылады. 

Ағзаға түскен құрттар сол ағза есебінен өмір сүреді. Ондағы ақуыз, микроэлементтер мен дәрумендер арқылы қоректенеді. Осының салдарынан ағзада зат алмасу жұмысы бұзылып дәрумендер тапшылығы болып қан аздыққа алып келеді. Құрттардың негізгі қауіптілігі олар аллергия шақырып, иммунитетті төмендетеді.

Ішек-құрт аурулары әсіресе өсіп келе жатқан бала ағзасында психикалық және физикалық бұзылуға әкеледі. Бойдың өсіуі төмендейді, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ішек-құрттары ішекте мекендеп, дәрумендерді сіңіру қызметін бұзады. Aдам ағзасында олардың жұмыртқаларының лас су, кір қолдар, лас ыдыс және тұрмыстық заттар арқылы түсуі нәтижесінде пайда болады.

Аурудың белгілері  іштің ауруы,жүрек айниды,құсады,басы ауруы, кебуі, шаршау,тәбетпен салмақ жоғалту. Сол себепті балада мазасыздық, ұйқысыздық оқу қабілеті төмендегені байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеріліп,емді дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.

Гельминтоздардың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтау, әсіресе балалардың сақтауы үлкен роль атқаратынын да естен шығармаған дұрыс.

Аурудың алдын қалай алуға болады?

- Жеке гигиена ережелерін сақтау: серуендеуден, дәретханадан кейін, тамақ алдында және т. б. қолды мұқият жуу

-Жеміс  жидектерді мұқият жуу, қайнатылмаған су ішпеу;

-Рұқсат етілген сауда орындарында ет және ет өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру.

-Балық пен етті мұқият қуыру.

-Балаңыздың тырнағын тістелемеуін және жерден немесе еденнен алған заттарды аузына салмауын қадағалаңыз.

-Төсеніштерді, ішкі киімдерді уақытылы ауыстыру, өтекпен басу;

- Yйде жиі ылғалды тазалау жүргізу.

Аурудың көрсетілген белгілері пайда болған кезде, уақытында медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

 

Ирбатырова Гүлназ Абайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT