Ішімдік ішкен адамға коронавирус жоламайтыны рас па?

«Ішімдік ішкен адамға вирус жоламайды екен».

Осындай қауесет ел ішінде көп тарады. Шынында да солай ма, мамандар не дейді? Ресейлік нарколог Руслан Исаев бұл пікірмен келіспейді. Ол, керісінше, коронавирус кезінде алкоголь ішудің қаупін айтып берді. Бұл туралы РИА Новости. хабарлайды.

Наркологтың айтуынша, коронавирус инфекциясының асқыну-асқынбауы адам ағзасына байланысты екен. - Алкоголь иммунитетті әлсіретеді, сондықтан ішімдік ішкен адамда коронавирус асқынуы мүмкін,- дейді дәрігер.

«Егер адам коронавирустың жеңіл түрімен ауырса, ол ауру асқынып, коронавирустың ауыр формасына өтуі мүмкін. Біз мұны нақты айта аламыз. Ауырған кезде алкоголь ішу ауруды асқындырып қана қоймай, оның салдарын күшейтуі мүмкін» дейді нарколог.

Бұдан бөлек, дәрігер алкогольмен бірге дәрі қабылдау өте қауіпті екенін ескертеді. Оның айтуынша, алкоголь ішкен соң антибиотиктер қабылдау ағзаға кері әсерін тигізеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT