Өнімнің сапа мен бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылған.
Өнімдер экономикалық жағынан тұтынушыларға қоятын талаптардың жиынтығы.Тауардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен тауар өндірудегі технологиялық сапасына және қолдану,төзімділігіне байланысты болады.Тауардың ортаға зиянсыздығы, талаптарға сәйкестілігіне баса назар аударады. Шетелге шығарылатын өнімнің стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.Тауарды сату немесе сатып алуға бағасы қарастырылған. Тұтынушының сұранысына зерттеудің сапасы тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырып, отыру, жарнама және тауардың дәрежесі, бағасы, тауар өткізу мен қозғалу бағыттарын белгілеу.
Экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан қарағанда тауардың төзімділігі мен қолданысқа түсуіне жұмсалған шығындарға қатысты пайдалы немесе пайдасыз екенін қарап анықтайды.
Ішкі нарықты контрофактілік қауіпсіз емес өнімдерден қорғап,сауда-саттық орындарында сатылып жатқан тауарларға қатаң көңіл бөлу.Сауда саттықтағы өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттармен қабылдап,сатуға бейімделу. Отандық тауарлардың шетел тауарларынан бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық және аудандық саитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен Атырау облысы аумағындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар назарына! Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға, ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.
Техникалық регламенттердің
талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы
Г.У.Джубанышева