banner_damu

Израиль дәрігерлері Атырау облыстық перинаталдық орталығында шеберлік сағаттарын өткізеді

Атырау облысы әкімінің шақыруымен өңірге шетелдік дәрігерлер келді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Израиль делегациясының құрамында акушерлік және гинекология сала мамандары бар. Екі апта бойы дәрігерлер облыстық перинаталдық орталықтың пациенттеріне, сондай-ақ модульдік аурухананың инфекциялық стационарындағы жүкті әйелдер мен босанатын аналарға кеңес береді. Шетелдік дәрігерлер босандыру кезіндегі шұғыл ем-дом бойынша талдау жүргізіп, қиын клиникалық жағдайларды шешу жолдарын жергілікті дәрігерлермен бірге талқылайтын болады.

-Шеберлік сағатында біз әріптестерімізге күнделікті жұмыста көмектесетін тәжірибелік дағдыларды барынша бірлесіп жасап көретін боламыз. Бұл өз кезегінде аймақтағы ана өлімінің төмендеуіне әсер етеді. Жергілікті мамандардың жұмысын барынша жүйелеуге тырысамыз. Атыраудағы жұмыс сапарымыз аясында өзге де медициналық мекемелердегі барлық шұғыл жағдайларға бірлесіп көмек көрсетуге дайынбыз, – деді медицина мамандарының біліктілігін арттыру орталығының жетекшісі Наталья Мелех (Израиль).

Айта кетейік, Атырау облысында ағымдағы жылдың 9 айында ана өлімінің 16 фактісі тіркелген. Олардың 12-сі облыстың жұқпалы аурулар ауруханаларында COVID-19 пандемиясы кезінде орын алып отыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика