Қарақұрт - уы белсенді жәндік

фото: интернеттен
Қарақұрт да­­лалы, шөл-шөлейтті жерлерде ме­кен­дей­ді. Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті. Қарақұрт – өрмекші тәріздес жән­дік. Аналығының үлкендігі 1,5-2 см, аталығы 1 см шамасында. Құрсағы дөңгелек пішін­ді, қара түсті. Арқасында қызыл дақ­тары болады. Қарақұрт шаққанда орны қат­ты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауы­рады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күр­­меледі, құсады, терлейді, санды­рақ­тай­ды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін.
Удың таралуының алдын алу үшін уды сорып тастап, шаққан жерін сіріңкемен қүйдіру (шаққан бетте) керек. Қарақұрт уына қарсы сарысуды енгізу қажет.
Сақтық шаралары:
– Далаға түнегенде жерге ұйықтамаңыз.
– Егер қарақұрт шақса, орнын сірің­ке­мен күйдіріңіз.
– Қарақұрт шаққанда ішімдік ішпеңіз. Ішімдік пен у қосылады да нерв жүйесіне әсер етіп, адам естен танады. Мұндайда адамның тыныс алуын ауыр­латып, адам өліп кетуі мүмкін.
– Қарақұрт шаққаннан кейін 40 минут пен 2 сағат арасында адамның жүріп-тұруы­на жауап беретін арқаның бұлшық еттері босаңсиды. Яғни ол өз бетімен жүре ал­майды. Сондықтан зардап шеккен адам­ды тез арада медициналық мекемеге жет­кізу керек.
Дерек
Қарақұрт шаққанда, жылқы, сиыр, шошқа – 4 күнде, ал түйе 8 күнде өледі, қой мен ешкіге қарақұрт уы дарымайды екен. Қой қарақұртты жеп қоятын көрінеді. Сондықтан бұрын қарақұрт көп болатын жерлерге қой мен ешкіні бағатын болған. Қарақұрттан қой кезектеріне шыққанда, мал іздегенде, ши өскен жерлермен жүргенде, басқа да орындарда сақ болған жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT