Қазақстандағы ең үлкен қоқыс полигоны жайлы не білеміз?

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда 3,2 мыңнан астам полигон бар, онда 120 миллион тоннаға жуық қоқыс жинақталған.Жыл сайын шамамен 5 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) түзіледі — еліміздің бір тұрғынына күніне шамамен 0,6 кг, оның тек 15% - ы ғана қайта өңделеді, ал қоқыстың басқа бөлігі қоқыс полигондарына жіберіледі.

Қазақстандағы ең үлкен қоқыс полигоны:

Шымкент қаласындағы «Ақтас-1» қоқыс полигоны. Ауданы 34 гектар Полигон тәулігіне 550-600 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға қабілетті. Қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 2018 жылы 18,1%, 2019 жылы - 22,7%, ал 2020 жылы - 25,1% құрады. 2021 жылы полигонға 209,1 мың тонна қоқыс қабылданып, 52,5 мың тонна қалдық қайта өңделді.

Атырау облысы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының есебінде 4 қатты тұрмыстық қалдықтарды және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондары, аудандық деңгейде 52 қатты қалдықтарды жинақтауға арналған алаңдар бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы  «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік  бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды және уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондары эпидемиялық  мәні   жоғары   объектілердің   санатына   жататындықтан Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы қажет. Санитариялық эпидемиологиялық қорытынды алу үшін "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрыққа сәйкес талаптар орындалуы қажет.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынады.

 

 

А. Искакова

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT