Кеміргіштер, жәндіктер – аса қауіпті инфекциялардың жұқтыру көздері, тасымалдаушылары

Кеміргіштер мен қансорғыш жәндіктер жер шарында кеңтаралған.      

Олардың оба, қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия, листериоз, лептоспироз, кене энцефалиті, бөртпесүзек және басқа да қауіпті жұқпалы ауруларды таратудағырөлі белгілі. Табиғатта кеміргіштер мен қансорғышжәндіктердің ағзасында жұқпалы инфекциялық аурулардыңқоздырғыштары болжамсыз ұзақ мерзімге дейін болады.

 

Кеміргіштер адам үшін көптеген қауіпті аурулардың негізгітасымалдаушысы және көзі болып табылады.

 

Адам егістіктерде ауру кеміргіштермен байланыста жұмысжасаған кезде,  ластанған су айдындарында шомылғанда, суды тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланғанда, қоянның, ондатраның және басқа кеміргіштердің терісіналған кезде, олардың етін пайдаланған жағдайда, қансорғыш жәндіктер шаққанда жұқтырады.

 

Жайылымдарда ауылшаруашылық малдары кеміргіштерменбайланыс жасайды. Ауа-райының суықтауымен кеміргіштерелді мекендерге көше отырып,  мал қожалықтарына, қоймаларға, сарайларға, үймелерге, тұрғын үйлергеқоныстанады. Күн жылынғаннан кейін олар қайтаданжайылымға көшеді. Барлық кеміргіштер негізіненшөпқоректілер, кейбіреулері жануарлардың азығын да жейді. Сондықтан кеміргіштердің келтіретін экономикалықзияны үлкен болып келеді.

 

Аса қауіпті инфекциялардың тасымалдаушыларыкенелер, масалар, соналар, бүргелер және биттер. Ауру кеміргіштердің қанын сорған кезде қанмен біргеинфекциялық аурулардың қоздырғыштарын алып,  кейінненқан сорумен адамдар және ауылшаруашылық малдарыарасында  аурудың кең таралуына әкеледі.

 

Иксодты кенелер аса ауыр  аурулардыкене энцефалитін, сонымен қатар геморрагиялық қызбаларды, адам мен ауылшаруашылығы малдарының бірқатар басқа ауруларынтаратады. Олар көктемде және ерте жазда адамдар мен жануарларға шабуыл жасайды.

 

Бүргелер  - қансоғыш жәндіктердің маңызды топтарыныңбірі. Басқа қансорғыш буынаяқтылар сияқты бүргелер де адам және жануарлар ауруларының биологиялықтасымалдаушысы болып табылады,олардың ішінде оба бірінші кезектегі маңызға ие.

 

Аса қауіпті инфекциялар клиникалық ағымыныңауырлығымен, жоғары өлім-жітіммен, мүгедектікпен, емдеудің және індетке қарсы шараларды жүргізуде кететіншығындар құнының жоғары болуымен ерекшеленеді. Аса қауіпті инфекциялармен күресудің негізгі міндетікеміргіштерде эпизоотиялардың (аурулардың) пайда болу және таралу мүмкіндігін болдырмау болып табылады.

 

Инфекциялардың пайда болуын болдырмау үшінкеміргіштермен және қансорғыш жәндіктермен үнемікүресу қажет. Қансорғыш буынаяқтылармен жәнекеміргіштермен күресу үшін елді мекендерде, ашықтабиғатта тасымалдаушылар мен кеміргіштердің санынретке келтіруге мүмкіндік беретін дезинсекциялық жәнедератизациялық өңдеулер қолданылады.

 

Дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялықшараларды жүргізу Қазақстан Республикасының «Халықденсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 107 бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Облыс тұрғындары санитариялық-эпидемиологиялыққызмет ұйымына тұрғын үйлерде кеміргіштердің, қансорғыш буынаяқтылардың болуы туралы шағымдар мен өтініштерді жиі түсіреді. Ол үшін кеміргіштер мен қансорғыш буынаяқтыларға қарсы өңдеу жүргізетінмамандандырылған дезинфекциялық мекемелерге хабарласуқажет.

 

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы жәнеденсаулық сақтау жүйесі туралы»  Кодексінің 107 бабының1-ші тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өзқаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелінегізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялықкөрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция жәнедератизация жүргізуге міндетті.

 

 

 

 

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT