Кене шағуы кене энцефалитін және Лайм боррелиозын тудырад

сурет: ғаламтордан

      Инфекцияның алғашқы белгілері: қалтырау, бас ауруы, дене қызуының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, тістеген жердегі терінің қызаруы, мұрыннан су ағуы, бұлшықет ауруы

      Орманға, саябақтарға, шалғындарға және басқа орындарға барған кезде ұсынамыз:

  • Жабық, бір түсті, жеңі ұзын ашық түсті киім; тығыз манжеттер; шалбардың балағын аяқ киімге салып; бас киім, курткаға тығыз тігілген капюшонды кию;
  • Дененің ашық жерлерін және киімді кенеге қарсы репеллентпен өңдеу;
  • Шөпке отырмау;
  • Үйге келгеннен соң денені және шашты кененің бар-жоғына тексеру, сондай-ақ киімді жуу.

      Егер денеде кене табылса:

  • Кенені пинцетпен тұмсығынан қысып немесе жіпті байлап, денесін сағат тіліне қарсы бұраңыз және оны жұлып алыңыз, тістеген жерді залалсыздандырыңыз. Қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;
  • Алынған кенені міндетті түрде медициналық мекемеге жеткізіңіз. Егер бұл мүмкін болмаса оны өртеңіз немесе үстіне ыстық су құйыңыз;
  • Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алу үшін медициналық көмекке жүгініңіз.

 

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

басшысының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT