Кенеден сақтану жолдары қандай?

 

Күн жылына салысымен табиғат жандана бастағанда  адам өміріне қауіпті кішкентай өрмекші тектес кенелерге де жан біте бастайды. Вирустың негізгі көзі - жануарлар (ірі қара мал, қой, ешкі) болып табылады. Инкубациялық кезең – 1-14 күн, орта есеппен 4-6 күн.

Кенелер көптеген аурулардың таратушысы, сондықтан шағып алған жағдайда тез арада алғашқы көмекке жүгіну керек. Біздің ауданымызда соңғы жылдары, 2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін  кене шағумен ауру жағдайлары  тіркелмеген. Кенелер – нағыз паразит жәндіктер. Ол, адамға бөртпе  сүзек, кене энцефалиті, туляремия аурулардың  қоздырғыштарын таратады.
 

Кене несімен қауіпті? Кененің негізгі қорегі – қан. Сондықтан бұл жәндік адамдар мен жануарларды қан сору үшін шағады. Ол адамды шаққан кезде, сілекейі мен бірге қанға жұқпалы вирустар енеді. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі де мүмкін. Соның салдарынан адам кенелік энцефалит және Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтыруы мүмкін. Бұл майда паразиттер көктемнің алғашқы сәулесімен тіріліп, белсенділігі арта бастайды. Олардың ең белсенді уақыты сәуір мен мамыр айлары. Жалпы кененің шағуы аса қауіпті емес, алайда кенелер көптеген аурулардың таратушысы болып саналады. Олардың ішінде ең қауіптісі – энцефалит. Бұл аурулар жүйке жүйесін зақымдап, тіпті адамды мүгедектікке апарады.  

Кене шақса, не істеу керек? Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет. Егер дәрігерге қаралуға мүмкіндік болмаса, теріге жабысқан қауіпті жәндікке вазелин жағып немесе өсімдік майын құю керек.

5 минуттан кейін пинцет көмегімен кенені тартып аласыз. Қауіпті жәндікті теріден алған соң, оның орнын йод пен немесе спиртпен зарарсыздандырады. 

Кенеден   қалай   қорғану  керек? Қауіпті жәндіктер шөптің, бұталардың, құлаған ағаштардың арасында болатындықтан, әрбір адам, көктем-жаз айларында табиғат аясына шыққанда кене шағудан сақтанудың  ережелерін білуі қажет: Ол үшін:


-    табиғат аясына демалуға шыққанда жабық аяқ киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал жейде немесе футболканы шалбардың ішіне салыңыз. Бас киім киюді де ұмытпаңыз.
-    тікелей шөпке отырмау және жатпау керек;
-    табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығыңыз;
-    Кене адам терісіне жабысқан соң, жарты сағаттай шағатын жерді іздейді. Кене көбіне бас, мойын, қолтық, тізенің астын шағады екен. Сонымен қатар қауіпті жәндіктерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдалану. 
-    Сонымен қатар елді мекен аймағын, үй ауласын, мал қоралардағы күл-қоқыс, қи-көңнен тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз. 

Егерде сізді кене шаққан жағдайда тез арада тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу  мекемесіне қаралып, 14 күн ішінде медициналық бақылауға алынады. Бұл медициналық бақылау Конго-Қырым қанды қызбасымен науқастарды ерте анықтау және  жұқпаның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.

Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы арнайы вакцина жоқ.  Сондықтан Конго-Қырым қанды қызбасының алдын алу шаралары адамның кенемен байланысын болдырмау болып табылады.

 

Г.Б.Бисенбай
Исатай аудандық СЭББ басшысының м.у.а

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT