"Халық" 1000 атыраулыққа дәрілік-азық-түлік жиынтығын таратуда

"Халық" қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көпбалалы 1000 отбасына жиынтық дәрілік-азық-түліктерді таратуда" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

2

"Материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша қалалық және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынды. 1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылуда" дейді ұйымдастырушылар.

Жалпы салмағы 60 кг асатын жиынтықта Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар сондай-ақ антисептикалық құралдар және медициналық маскалар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521