Кішкентай қыз 10 күн жан сақтау бөлімінде жатқан

Денесін везикулезді бөртпе жайлаған 5 жасар қыз шұғыл түрде облыстық №2 ауруханаға жеткізілген.

 

Бұл жайлы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Сәбидің анасының айтуынша, науқастың көтерілген қызуы 3 күн бойына түспей, аяғында ісік пайда болған. Алғашқы көрсетілген ем-домның нәтижесіздігіне байланысты, сәби «жедел ревматикалық қызба» диагнозымен «балалар жүрек қантамыр жүйесі аурулар» бөлімшесіне жеткізілген.

- Өкпесіне ауа, су жиналуына байланысты балада ауырсыну, әлсіздік, дене қызуының 39 С-қа көтерілуі, аяқ-қолының ісінуі, везикулезды бөртпелер пайда болған. Сәби ауруханада 25 күнге жуық аралықта ем алды. Оның 10 күнін жан сақтау бөлімінде өткізді. Дегенмен, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, - дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Раушан Мұқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521