Көкжөтел жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарының зақымдануымен көрініс беретін бактериялык жұқпалы ауру.
Ауру тудыратын қоздырғыш Bordetella pertussis.
Көкжөтел адамнан адамға ең алдымен жөтелу немесе түшкіру кезінде ауа-тамшылы жолмен беріледі.
Ауру белгілері:
- Тұмаурату немесе мұрын бітелуі;
- Субфебрильді температура ұзақ уақыт бойына дене (температурасының 37,0-37,9 С дейін көтерілуі);
- Жеңіл үзік – үзік жөтел;
- Кішкентай нәрестелерде апноэ (тыныс тарылу ұстамасы) және цианоз (терінің жекелеген бөліктерінің, ерін мен саусақ ұштарының көгеруі).
Алдын алу
Көкжөтел жұқпасынан қорғанудың тиімді әрі сенімді жолы- вакцинация. Көкжөтелге қарсы вакцинация баланың алғашқы айларында 2, 3, 4 және 18 айларында, әрі қарай 6 жасында жүргізіледі.
Өз баланыздың көкжөтелмен ауырмауына көмектесу үшін ұлттық вакцинация кестесін қадағалаңыз. Өз уақытында жасалған вакцинация балаларды осы зор қауіпті аурудан қорғайды. Өз уақытында профилактикалық екпелерін алмаған балалар ауруды жұқтырып, жұкпалы аурулардың одан әpi таралу ықтималдығын арттырады.
Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшысының орынбасары