Көкжөтелдің алдын алу шарасы - вакциналау

Көкжөтел – бұл Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған, интоксикация көріністерімен сипатталатын, өзіне тән қалшылдаған жөтел «реприздермен» және құсу ұстамалары болатын, жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральдық көріністерімен қоса жүретін жіті респираторлық бактериялық инфекция.

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.

Көкжөтелдің қоздырғышы ауа-тамшы жолы арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, науқас сөйлескенде таралады.

Аурудың көзі – науқас адам, бактерия тасымалдаушы.

 Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға анағұрлым тән. Алайда, кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияны жұқтырудың алдын алу әдістерін білу маңызды.

Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:

- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;

- әлсіздік, бұлшықеттердің «сырқырауы», бас ауруы;

- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшылы жолмен жұғады. Ауру адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады. Жөтелдің қарқындылығы сияқты белгі биологиялық сұйықтықтағы (сілекей, шырышты қақырық) қоздырғыштың таралу дәрежесімен байланысты.

Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакциналау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе егу бір мезгілде тиісінше 5-6 аурудан: дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және В гепатитінен қорғайтын құрамында АбКДС бар бес және алты компонентті құрама вакциналарды қолдана отырып жүргізіледі. Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 2 айдан бастап 1 ай аралығымен 3 екпе, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жаста, екінші ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.Ата-аналарға айтатынымыз көп жылдық тәжірибе егу жиілігі мен аралықтарын сақтау қажеттілігін растайды. Егер осы шарттар сақталса, ағзаның көкжөтел ауруына қарсы жеткілікті иммунитеті қалыптасады. Сондықтан балаңызға екпені уақытылы салу керек. 

Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!

 

 

Исатай аудандық СЭББ басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT