Көкжөтел инфекциялық ауру. Коклющтің негізгі себептеріне бактериялық микробтар жатады. Бұның ангина, тонзиллит, суықтау кезіндегі жөтелден айырмашылығы бұл кезде қатты күшеніп приступпен жөтеледі. Бір жөтелгенде 10-15 рет бірден тоқтаусыз жөтеледі.Ауа жетпей тұншығып қиналып жөтеледі.
Көкжөтел (лат. pertussіs) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs). Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді.
Бұл сырқат кезінде көбіне жүйке жүйесі, тыныс жолдары зақымданады, жөтел ұстамалары байқалады.
Көкжөтелді туындататын инфекция вирус емес тек қана бактерия, ол кезде міндетті түрде антибиотик тағайындайды. Көкжөтел ауа тамшылы жолмен жұғады дегеніміз осы көкжөтелге шалдыққан адам жөтелген кезде жан жағына осының қоздырушысын шашады, егер соның жанындағы адамада иммунтеті төмен прививка алмаған болса осы қоздырғыш оған еніп көкжөтел пайда болады.
Казіргі кезде көптеген адамадар екпеге қарсы және алмайды.Екпе алса көкжөтелге бір рет қана екпе алынбайды. Оның өзінің этаптары болады. Сол этаптарының бәрінде екпесін өз уақытында алған балалар көкжөтел кездеспейді. Бірақ бір рет екпе алып көкжөтел пайда болды деген ата аналармызға айтатынымыз екпені толық алу қажет. Тұрақты иммунитет қалыптасады.
Аудан бойынша 2024 жылдың 5 ай қорытындысымен алғашқы диагнозы бойынша көкжөтелге күдікті 1 жағдай тіркеліп, зертханалық жолмен «Borgetella Pertussis» ДНК-сы анықталды.
Расталған жағдай бойынша: көкжөтелге қарсы екпелермен егілмеген, 1 жасқа дейінгі бала, ұйымдастырылмаған.
Жұғу жолдары. Көкжөтелдің жұғу көзі – науқас адамдар. Олар әсіресе аурудың бастапқы кезінде өте жұқтырғыш келеді. Көкжөтелдің кез келген түрі басқа адамдар үшін өте қауіпті. Әсіресе көкжөтел ұстамасы қысып, қатты жөтелген кезде сақтанған жөн. Өйткені қақырық бөлшектері 3 метрге дейін ұшады. Егер көкжөтелге тұрақты өмірлік иммунитеті қалыптаспаған болса, бұл сырқатпен кез келген жастағы адам ауыруы мүмкін.
Клиникасы. Инкубациялық кезең 3 күннен 15 күнге дейін созылады (орта есеппен 5-8 күн). Ауру ағымы үш кезеңнен тұрады – катаральды, спазмалық жөтел кезеңі және босату кезеңі. Катаральды кезеңде құрғак жөтел, кейде тұмау болады. Дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты. Бұл кезеңнің ерекшелігі – тұрақты қатты жөтел. Емге карамастан, жөтел үнемі күшейе береді, тіпті шектеулі ұстамаға соқтыруы мүмкін. Бұл кезең 3-14 күнге созылады. Спазмалық кезеңде жөтел ұстама сипатында болады. Ұстама кезінде қысқа жөтел арасында демді ішке тартқан сәтте ысқырық секілді дыбыс шығады. Ұстамадан кейін қою шырыш шығады, науқастың құсуы да мүмкін. Ұстама кезінде баланың беті қызарады, одан соң көгереді, мойнындағы тамырлар ісініп, көздері қанталайды. Ырықсыз нәжіс не несеп бөлуі мүмкін. Тіл сыртқа шығып, көзден жас ағады. Босату кезеңінде жөтел ұстамасыз болады, 2-4 аптаға созылады. Аурудың орташа ұзақтығы 6 апта шамасында, бірақ одан да ұзақ болуы мүмкін.
Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.
Көкжөтелдің алдын алу.
Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы-міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда→ 3 ай → 4 ай→ 18 айда жүргізіледі. АбКДС (күл, сіреспе, көкжөтел (жасушасыз), В гепатиті, полиомиелит (белсенділігі жойылған) және b типті гемофильді инфекцияларға қарсы конъюгацияланған) вакцинасы қолданылады
Егер көкжөтел белгілері пайда болса міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек. Сондай-ақ респираторлық инфекцияның белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақытылы жүгіну және науқас адамдармен байланыстың алдын алу маңызды. Ата –аналарымызға айтатынымыз балаларыңыздың екпе статусын анықтап, егер қандай да бір себептермен белігіленген мерзімде ұсынылған екпені алмаған болсаңыздар, тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесіне барып вакцинацияға жүгіну керек. Сонымен қатар қызу көтеріліп және басқа да симптомдар болған кезде өздігінен емделмей дәрігерге көрініп, зертханалық жолмен диагнозды анықтау қажет. Өйткені ауруды асқындырып алмауымыз қажет. Жоспарлы егулер жыл бойы аудандық емхананың, жергілікті емдеу мекемелерінің екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Дәрігер вакцина салынбастан бұрын баланы емханада тексереді, екпе салғаннан кейін де 30 минут бақылайды. Екпені кез келген мед қызметкерлер жүргізбейді. Жыл сайын аттестациядан өткізілген медбике екпені жүргізеді және арнайы екпе кабинетінде жүргізеді. Екпе егер алдында бала дәрігерге қаралады. Екпеге келген баланың денсаулығына баға береді. Егер шағымдары болмаса екпе егуге рұқсатын береді. Ата-аналардың келісімін алып екпелерін тиісті жүргізеді. Денсаулықтарында ақау болса, уақытша немесе мүлдем екпеге қарсы көрстелімдері болса, екпеге қарсылық білдіріліп, бақылауда ұсталады. Екпе алғаннан кейінде балалар медициналық бақылауда болады.
Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы сіздің қолыңызда.
Исатай аудандық СЭББ басшысы
Б.С.Картмағанбетова