Қоғамдық тамақтану объектілеріне қандай талаптар қойылады

фото: интернеттен

Қоғамдық тамақтану объектісі – тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру бойынша объекті.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен реттеледі.

Аталған санитариялық қағидалар:
* қоғамдық тамақтану объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, жаңасын салуға, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, жөндеуге, пайдалануға енгізуге және қайта бейіндеуге;   
* сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға;
* қоғамдық тамақтану объектілерінің үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және жабдықтарын (оның ішінде ұйымдастырылған ұжымдар үшін қызмет көрсететін және тамақ дайындайтын қоғамдық тамақтану объектілерін) күтіп-ұстауға және пайдалануға;
*тамақ өнімдерін (оның ішінде ұйымдастырылған ұжымдар үшін қызмет көрсететін, дайындайтын қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызмет көрсету кезінде қоғамдық тамақтану объектілерінде және стационарлық емес қоғамдық тамақтану объектілерінде) өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу және кәдеге жарату жағдайларына;
*тұтыну қалдықтарын жинауға және сақтауға;
* өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
*еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, персоналды медициналық қамтамасыз етуге және гигиеналық оқытуға;
*шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

Қоғамдық тамақтандыру саласы қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Сол себепті қоғамдық тамақтандыру орындарындағы әр кәсіпкер қызмет көрсету кезінде жұқпалы аурулардың қаупін азайту мақсатында санитарлық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды қамтамасыз етуі тиіс. 
Қоғамдық тамақтану объектілері , оның ішінде
50-ден астаи отыратын орны бар тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады.
50 және одан аз отыратын орны бар тамақ өнімдерін өңдейтінжәне өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілерге жатады. 
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиенлық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдалануға тыйым салынады. 
Яғни бұл объектілер заңды жұмыс жасау үшін олар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сай болуы қажет және осы объектілер санитариялық –эпидемиологиялық қорытындыны www.elicense.kz веб порталы  порталынан онлайн ала алады. Қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күні.Қызметті жеке және заңды тұлғалар тегін ала алады.
Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілердің қызметі объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмай жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыңығы саласындағы мемлекеттік органды «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті. Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілердің қызметі басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағын нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес  келтіруге міндетті.
Қазіргі таңда үй жағдайында санитариялық –эпидемиологиялық қорытынды алмастан тағам өнімдерін дайындайтын жасырын тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, өндіру және оны өткізіп отырған объектілер кездесіп жатады. Осындай жасырын орындардан өндірілген тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы әлбетте үлкен күмән тудырады. Бұндай тағам өнімдері халық арасында тағамнан улану жағдайының тіркелуі және аса қауіпті эпидемиологиялық ахуал тудыруы сөзсіз.
Сауда және тағам өнеркәсібі мекемелерінің тағам өндіру, сақтау және сату барысындағы басты  міндеті-тұтынушыға ұсынылатын тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптары мен ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін, олардың орындалуының халық арасында жедел ішек ішек ауруларының мен астан уланудың алудағы маңызды роль атқаратынын естен шығармауымыз керек.
Сонымен қатар объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру аса маңызды. Оның мақсаты-қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық ережелерді, санитариялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық)  шараларды дұрыс орындау арқылы адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қаматамасыз ету болып табылады.
 Өндірістік бақылау санатына, түріне, типіне, қуатына, меншік нысанына қарамастан барлық қоғамдық тамақтандыру объектілерінеміндетті болып табылады, оны жүзеге асыру "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен реттеледі.
 Объектіде әсіресе, қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі, жұмысқа рұқсатының болуы, жеке бас гигиенасын және ас блогында тазалықты сақтауы, азық-түліктердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына және тез бұзылатын өнімдердің тауарлық  көршілестікті  ескере отырып, тоңазытқышта сақталуына аса көңіл бөлінуі тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеуден өткізіп, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет. Тағамдарды алдын ала дайындамауды және іс-шара басталғанға дейін дастарқан жасамауды және оларды қажетті температуралық режимді ұстай отырып сақтауға,дайын өнімдердің сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуге кеңес береміз .

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасының басшысы   Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521