Қоғамдық тамақтану орындарында жеке бас гигиенасын сақтау — тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және тұтынушылардың денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Ас дайындау және тағам ұсыну процесінде қызметкерлердің жеке тазалық ережелерін сақтауы тағам арқылы таралатын аурулардың алдын алуға көмектеседі. Жеке бас гигиенасының негізгі ережелері
- Қоғамдық тамақтану орындарындағы қызметкерлер үшін жеке бас гигиенасы мыналарды қамтиды:
- Қол жуу ережелері:
- Тамақ дайындау алдында және кейін;
- Таза және ластанған тағамдар мен жұмыс арасында;
- Дәретханаға барғаннан кейін;
- Жұмыс орнын тазалағаннан кейін;
- Мұрынды сүрткеннен, түшкіргеннен, жөтелгеннен кейін.
- Қалай дұрыс жуу керек:
- Қолды жылы сумен сабындап кемінде 20 секунд жуу керек.
- Арнайы антисептикалық құралдармен өңдеу ұсынылады.
3.Арнайы жұмыс киімі:
- Таза жұмыс киімін, алжапқышты, бас киім және қолғаптарды пайдалану қажет.
- Шашты толықтай жауып тұратын бас киім тағамға шаштың түсуін болдырмайды.
- Қолғаптар тағамды өңдеу кезінде жиі ауыстырылып тұруы керек.
- Дене тазалығы:
- Күнделікті жеке тазалықты сақтау: душ қабылдау, тырнақты таза және қысқа ұстау.
- Тырнақ бояуын, зертсіздік бұйымдарын (сақина, білезік, сағат) тағам дайындау кезінде тағуға тыйым салынады.
- Денсаулық жағдайын бақылау:
- Тамақ дайындаушылар медициналық тексеруден өтіп, денсаулық кітапшасын жүргізуі тиіс.
- Ауру немесе жарақаты бар қызметкерлер тағам дайындау процесіне қатыспауы керек.
- Гигиеналық талаптарды бұзудың салдары.
Қоғамдық тамақтану орындарында жеке бас гигиенасын сақтау — сапалы қызмет көрсетудің, тұтынушылардың сенімін арттырудың және денсаулықты қорғаудың негізгі шарттарының бірі. Ас дайындау орындарында тазалыққа мән беру тек заңталабы ғана емес, сондай-ақ қоғам алдындағы маңызды әлеуметтік жауапкершілік.
Искакова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары