Қонақүй қызметін көрсететін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

фото: интернеттен

 Тұрғын үй-жайларды жертөледе және цокольдық қабаттарда орналастыруды қоспағанда, қонақүйлерді, хостелдерді жобалау және орналастыру бөлек тұрған ғимараттарда, жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастыру көзделеді.


*Қонақүй бөлмелерінде санитариялық тораппен, гардеробпен көзделеді.
*Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі.
*Хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер жабдықталады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен жарақталады.
*Қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды тұрғын үй-жайлармен аралас орналастыру көзделмейді.
 *1 жұлдызды – 2 жұлдызды санаттағы қонақүйлердің және хостелдердің тұрғын қабаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес тұрғын үй-жайлар шудан қорғалған жағдайда қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды (барлар, кафелер, буфеттер, телевизиялық қонақ бөлмелері, іскерлік кездесу бөлмелері, балалар бөлмелері және осыған ұқсас қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар) орналастыруға жол беріледі.
*Қонақүйлердің үй-жайлары № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз етіледі.
*Тұрғын бөлмелерде немесе бөлмелерде ауаны баптау қамтамасыз етіледі. *Қонақүйлердің ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған кезде сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
*Желдету тұрғын бөлмелерге, бөлмеге және жалпы үй-жайға бөгде иістердің кіруін бөгейтін ауа айналымын қамтамасыз етеді.
*Қонақүйлердің бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдарының шаңы қағылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады.
*Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
*Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылады және жуылады.
*Төсек жабындыларын, сүлгі және оларды ауыстыру реті қонақүйлер сервис деңгейіне, жабдықталуына байланысты анықталады.
*Хостелдерде әр тұратын адамға төсек-орын жиыны, сүлгі көзделеді. 
Пайдаланылған төсек-орын жабдығы пакеттерге (қапшықтарға) жиналады, таза төсек-орын жабдықтарын ашық күйде тасымалдау жүргізілмейді.

Исатай аудандық СЭББ басшысы                        Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521