Коронавирустан қалай қорғануға болады?

Коронавирустан қорғанудың әдістері

1. Қол гигиенасын ұстаныңыз. Қолды сабынмен жиі жуыңыз және қолды дезинфекциялау құралдарын (тері антисептиктерін) жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін қолданыңыз.

2. Тамақ әзірлеудің алдында, сондай-ақ науқастардың жеке заттарын қолданған жағдайда көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз;

3. Міндетті түрде бетперде киіңіз;

4. Бейтаныс адамдардан 1-2 метр арақашықтықты сақтауға тырысыңыз;

5. Ауырып жүрген адамдардан және олардың заттарына жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда бетпердемен қорғаныңыз;

6. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз;

7. Бөлмеңізді жиі желдетіп, ылғалды тазалауды жүргізіңіз;

8. Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуыңыз;

9. Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтаныңыз, дене шынықтырумен айналысыңыз және толыққанды сегіз сағат ұйықтаңыз;

10. Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса, дер кезінде арнайы медициналық көмекке жүгіну қажет.

Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT