Құс тұмауының алдын алайық

Құс тұмауықұстарға тұмау вирустары арқылы жұғатынөткір жұқпалы ауру.

Құс тұмауының 15 түрі белгілі, олардың арасында Н5 жәнеН7 вирусының штамдары жоғары патогенділігіменерекшеленеді.  Құс тұмауының көптеген вирустарыадамдарға жұқпайды.

Қоныс аударатын құстар, оның ішінде ең алдымен суда жүзетінүйректер құс тұмауының табиғи резервуары бола алады. Жабайы құстарда вирусқа табиғи төзімділігіболғандықтан сирек ауырады, бірақ алыс қашықтықтарғаұша отырып, тұмау вирусын таратады.

Құс тұмауы жабайы құстар арасында эпидемия туғызбайдыжәне оларда симптомсыз жүреді, ал үй құстарынажұқтырған кезде ауыр сырқатқа немесе өлімге әкелуімүмкін.

Суда  жүзетін  құстарда вирус ішегінде болып, қоршағанортаға сілекей, тыныс алу және нәжіс бөлінділерімен біргешығарады. Берілу жолы анағұрлым көп таралғаныфекальды-оральды.

Вирус  құс саңғырықтарында салқын күндері бір айдан аса, ыстық күндері бір апта аралығында сақталады. Тірі қалғанқұстар вирусты 10 күн оральды және нәжістерімен сыртқыортаға бөле алады.

Адам тірі немесе өлі ауру жұқтырған үй құстарымен жәнеолардың сыртқы ортаға бөлінген бөлінділерімен тікелейнемесе жанама байланыста бола отырып, құс тұмауын жұқтырады. Ауру жұқтырған құстарды сою, жүндерін жұлужәне ұшаларын өңдеу, жеткілікті термиялық өңдеуденөтпеген құс етін, жұмыртқаны тамаққа пайдалану да қауіпфакторлары болып табылады.

Құс тұмауының инкубациялық кезеңі әдеттегі тұмауғақарағанда ұзағырақ: 2-8 күннен 17 күнге дейін созылады(әдеттегі тұмауда 2-3 күн).

Бастапқыда жоғары температура, әдетте 38оС-тан жоғарыжәне тұмауға ұқсас белгілер болады. Кейбір жұқтырған адамдарда бастапқы белгілерінде  бұлшықет ауруы, тамақауруы, мұрыннан көп су ағу, құсу, ентігу, дауыстың өзгеруі, қанды қақырықты ылғалды жөтел пайда болған.  Көпжағдайда ауру пневмонияның ауыр түрімен асқынуынаәкеледі (өкпенің қабынуы).

Құс тұмауының ерекшелігі - инфекция адамдарға тек құстардан жұғады. 

Құс тұмауының алдын алу үшін келесі шараларды сақтауқажет, атап айтқанда:

- ауру немесе өлген құстармен байланыс жасамау, әсіресебалаларға;

-  құстардың етін және жұмыртқасын шикілей тамаққақолданбау;

- құс өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу;

- шикі құс етін бұтарлағаннан және шикі жұмыртқалардыұстағаннан кейін мұқият қолды жуу;

- үй құстарына күтім жасағанда жеке гигиенаны сақтап, жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, қолды  жиіжуу;

- аумақтарда жабайы құстарды аулау кещінде жабайы жәнеүй құстарының жаппай өлімі анықталған жағдайдаветеринариялық маманға хабарлау қажет.

Құстарда ауру басталмастан 7 күн бұрын байланыста болғанадам тез арада жергілікті емдеу мекемелеріне көмеккежүгінуі керек.

 

Уразғалиев Қадыржан Мақсотұлы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT