Құтырудың алдын алу

Құтыру  - жүйке жүйесін ауыр зақымдаумен сипатталатын өткір вирустық ауру. Адамдар, барлық сүтқоректі жануарлар және кейбір құстар осы ауруға шалдыққыш келеді.

Құтыруды таратудың негізгі көзі – бұралқы иттер, мысықтар және жабайы етқоректі жануарлар (түлкілер, қасқырлар, шибөрілер, жабайы мысықтар және т.б.).

Жабайы етқоректі жануарлар, иттер мен мысықтар арасында мерзімді құтырудың бұрқ етулері адамдар арасындағы құтырумен аурушылықтың негізгі себебі болып табылады.

2023 жылы Атырау облысында халық арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ.

Облыста адамдар арасында құтырудың соңғы жағдайы 2010 жылы Құрманғазы ауданында тіркелген.  

Жануарлардың тістеуімен, тырнауымен, сілекейлеуімен зардап шеккен 2024 жылы  - 1152 адам медициналық көмекке жүгініп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 163,0 құрап, былтырғы жылғы осы деңгеймен салыстырғанда (2023 жыл – 1192 адам, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 172,5) 5,5%-ға төмен.

Құтыруды өте ұсақ тірі ағза – вирус тудырады. Құтыру қоздырғышы сыртқы ортаға ауру жануарлардың сілекейімен бөлінеді. Құтырған жануар жарақаттаған кезде сілекейіндегі вирус жарақат орнына еніп, осылайша жануарлар арасында құтыруды жұқтыру мен таралуын туғызады. Адамдар үшін тек жануарлардың тістеуі ғана емес, сонымен қатар сілекейінің енуі де қауіпті.

        Ағазаға вирус енген уақыттан бастап аурудың бірінші белгілері пайда болғанға дейінгі аралық инфекцияның инкубациялық кезеңі деп аталады. Жануарлардың түрлеріне, тістеген жеріне, жарақаттың ауырлығына байланысты ол бірнеше аптадан 1 жылға дейін жалғасады.

        Құтыру вирусы адамның жүйке жүйесін зақымдай отырып, қозу, судан қорқу, сал белгілерінің пайда болуына әкеледі.

        Адам қандай да бір жануармен тістелген, тырналған болса, тез арада медициналық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы антирабиялық екпелерін алуы қажет. Ағзада дер кезінде құтыру вирусына қарсы имунитетті қалыптастыру үшін (шалдықпаушылықты) екпе алуды жарақат алғаннан кейін бірден бастап, үзілістерге жол бермеу керек.

        Екпелер жүргізген кезде қуатты және дәрумендерге бай тағамдарды пайдалану, ағзаның шаршауын, суықтауын, қызуын болдырмау, спирттік ішімдіктерді қолданбау ұсынылады.  Егер де екпелер уақтылы және дұрыс жүргізілген болса ауру пайда болмайды. 

        Адамды қапқан сау көрінген жануар 10 күн мерзімге малдәрігерлік бақылауға алынады. Егер де осы аралықта жануар  сау болса, зардап шегушіге екпелері тоқтатылады.

        Жарақат салған итті немесе басқа жануараларды өлтіруге жол бермеу, өлігін тастамау қажет. Бұл жағдайда  иттің диагнозы белгісіз болып, ал зардап шегуші құтыру ауруына шалдыққан жануардан жарақат алған сияқты екпенін толық курсын алуға тиіс болады.

         Жануарларда құтырма ауруын ескерту үшін, жануарлар қожайындары оларды ұстаудың ережесін қатан сақтауы тиіс. Итті көшеде қысқа тізгінмен, міндетті түрде тұмылдырық кигізіп, бұралқы иттермен байланысуына жол бермеу керек.

        Жануарлардың мінез-құлқы өзгерген жағдайда, олардан аулақ болуға тырысып, уақыт оздырмай малдәрігерлік қызметкерді шақырту қажет.   

        Жануарлар арасындағы құтыруға қарсы күрестің де маңызы зор, соның ішінде инфекция көзі – ауру жануарларды, яғни құтырған қасқырлар, түлкілер, бұралқы иттер мен мысықтарды жою, сондай-ақ үй жануарларына профилактикалық екпелерді жүйелі түрде жүргізу қажет.

         Құтырудың қауіпті дерт екенін естен шығармау қажет, сондықтан бейқамдық танытуға болмайды. Сақ және қырағы болыныздар! Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!

 

 

                                                  ҚР ДСМ СЭБК  Атырау облысы   

                                                  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау   

                                департаментінің аса қауіпті инфекцияларды (АҚИ) 

                                                  және туберкулезді  эпидемиологиялық қадағалау

                                       бөлімінің жетекші маманы

                                                  Рахметова Марина Кәрімқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT