Кудряшов пен Жасталап ауылдарында медициналық нысандар пайдалануға берілді

Кудряшов ауылында акушерлік фельдшерлік пункт пен Шортанбай ауылдық округіне қарасты Жасталап ауылында медициналық пункттің ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауылдық жердегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі бастамаларын сапалы әрі уақытылы іске асыруымыз керек. Бүгін сол ұлттық жобаның орындалысының куәсі болып, екі ауылда фельдшерлік акушерлік пункт пен медициналық пункттің ашылу салтанатында тұрмыз. Қазақстан бойынша 655 алғашқы медициналық санитарлық нысандар ашылуы қажет. Соның 460-ы өткен жылы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Биыл қалған 195-і қолданысқа ұсынылады деп күтілуде. Атырау облысы бойынша 18 нысанның 13-і іске қосылып, өз жұмысын атқаруда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданаралық көпбейінді ауруханаларды жаңғырту жүргізіліп жатыр. Соған байланысты елімізде 32 ауданаралық ауруханалар жаңғыртылуда. Құрманғазы аудандық ауруханасына МРТ, КТ аппараттары жақын арада іске қосылатын болады. Заманауи техникамен жабдықталған реабилитациялық, акушерлік кабинеттерімен қамтылған медициналық нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға жұмыс жасасын дегім келеді, - деген тілегін білдірді вице-министр Тимур Сламжанұлы.

Келесі кезекте нысанның құрылысын жүргізген «Декор» ЖШС өкілі Айбек Нұрғалиев символикалық кілтті Кудряшов ауылында жалпы тәжірибелік дәрігер Ғалия Құтәлиеваға, Жасталап ауылында Бибігүл Сиражқызына табыстады. Салтанатты лента қию рәсімі де жасалып, ақжаулықты әжелер шашу шашты.   

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT