Күйіктен дәрі ішкен атыраулық қыз өлім халінен қалды

Атыраулық дәрігерлер қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішіп, уланып қалған 12 жасар қызды аман алып қалды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Дәріден уланған қыз баланың жағдайы нашарлаған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дулат Сабыровтың айтуынша, ол қан қысымын түсіретін дәріні аса көп мөлшерде ішіп, уланып қалған.

Жансақтау бөлімінде жатқан пациенттің денсаулығы үшін дәрігерлер 12 сағат арпалысқан. Жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылған. Денсаулығы қалпына келген жасөспірім үйіне шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала отбасында болған келіспеушіліктерге байланысты ренішпен көп мөлшерде дәрі ішкен.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521