Қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мемлекеттік қызметшінің міндеті

(0 Votes)

 мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Бұл ережеде Кодекстің мақсаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілеудің мәні қамтылған.Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында , оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп  аталған 5 бөлімнен тұрады. Қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. 


Кодексте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі 6 қағидатқа негізделген. 
Адал ниеттілік –қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету
Адалдық –өз міндеттеріне шынайы көзқарас
Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың , қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету
Сыпайлық-азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау
Клиентке бағдарлану-мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз  міндеттемелерді алмау талабы қойылады.
Сонымен қатар қызметкерлердің мемлекеттік саясатты ұстануы ,ашықтық, клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдық берілген. Яғни мемлекеттік қызметкерлерге үнемі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға нақты талап қойылып отыр. 
Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері, қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда қоғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестермен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әдебінің стандарттары.
Мәселен , мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті. Сонымен бірге , азаматтармен қарым –қатынаста әдептілік танытуы, дөрекелік , қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қоғам тарапынан бақылау күшейіп отыр. Өкініштісі әсіресе, әлеуметтік желілерден  мемлекеттік қызметшілер тарапынан теріс іс-қимылдарға жол беріп  , әдеп нормаларына сай келмейтін түрлі кемшіліктерді сынға алып,  халықтың  өз пікірлерін ашық  түрде жеткізіп отырған жағдайлар кездесіп жатады.
Сондықтан да мемлекеттік қызметші әрқашан  Әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтау өте маңызды, өйткені ол қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста мәдениетті болуға, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға  талпынуы тиіс. 
Мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерге жетуді мақсат еткен әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп Кодексін және ҚР мемлекеттік қызмет туралы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптарын мұқият сақтап еліміздің дамуына үлесімізді қосуымыз қажет.

Исатай аудандық СЭББ басшысы                             Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT