Қызылша ауруына қарсы екпенің маңыздылығы

Қызылша қазіргі таңда ең жұқпалы ауру, себебі  қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе жүқтыру мүмкіндігі жоғары.

         Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру. Аурудың белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болуымен сипатталады.

Қызылша ауа жолы арқылы таралатындықтан, вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелмен немесе түшкірген кезде бөлінеді. Инфекция көзі- ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5° қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады. 5 жасқа дейінгі балалар мен 20 жастан асқандар арасында қызылшаның әсерінен ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит сияқты аурулармен жүретін қабынулар да болады.

         Аталған қызылша ауруының белгілерінің бірі сіздің немесе отбасы мүшелеріңіздің бірінде кезіксе  шұғыл түрде  дәрігерге қаралу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін төсекте жату режимі, суды көп ішу, қызуын түсіретін, тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау. Ал қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.

           Қызылшаның алдын алу үшін:

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинапрофилактика болып табылады. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі (ревакцинация) 6 жаста жүргізіледі. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

         Исатай ауданында 2023 жылы зертханамен расталған  51 қызылша жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 37 жағдай, яғни басым көпшілігі балалар арасында  тіркеліп отыр.

       Қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚР ДСМ Бас санитариялық дәрігерінің «Қызылшаға қарсы санитариялық[1]эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес қараша айынан бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды.  Қызылшаға қарсы қосымша иммундауға жатқызылатын контингенттер:

  • 6 ай- 10 ай 29 күн аралығындағы балалар;
  • 2 жас-4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар;
  • Медициналық қызметкерлер
  • Екпе статусы белгісіз, екпесін өткізіп алғандарды кең ауқымды толықтыра егілуге жататын топтар.

   Аудан бойынша аталған контингенттер бойынша өсіммен 1210 адам егілді. Оның ішінде, 6 ай- 10 ай 29 күн аралығында -81 бала, 2 жас-4 жас 11 ай 29 күн аралығында-1016 бала, медициналық қызметкерлер-99 және екпе статусы белгісіз, екпесін өткізіп алғандарды кең ауқымды толықтыра егілуге жататын топтар арасында -14 адам.

    Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша сала мамандарымен халық арасында санитариялық-ағарту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

 

 

 

  Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

бөлім басшысы 

Г.Бисенбай 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT