Қызылша - өте кең таралған инфекциялық ауру

0 Votes

Қызылша көбінесе балаларда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның ,көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, қызылшамен ауыру қаупі жоғары болады. Міне,сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды .

Ауру себептері Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген,түшкірген кезде бөлінеді. Инфекция көзі – қызылша мен аурыған адам. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады.Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін. Қызылшаның белгілері Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін,я ғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады :дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі,әлсіздік,тәбеттің болмауы,құрғақ жөтел,мұрынның бітуі.Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының(азу тістерінің қарсысында)ұсақ ақ дақтар пайда болады.Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады.Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда ,содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5°. қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады,олар 2 аптадан кейін кетіп,тері қайта таза болады.
Қызылша асқынуымен қауіпті. Атап айтқанда баланың тыныс жолдары қабынуы (ларингит, трахеит) ентікпе болуы, тыныс жетіспеуі, көз қабынуы (коньюктивит тіпті соқырлыққа әкелуі мүмкін. Сонымен қатар пневмония, құлақ қабынуы, бауыр, бүйрек, жүрек аурулары дамуы мүмкін. Аурудың негізі белгілері басқа да тыныс инфекцияларына ұқсас болып келеді. Сондықтан көптеген адамдар немқұрайлық танытып дәрігерлік көмекке жүгінбейді. Тұрғындарға айтатынымыз өзіңізде және балаңызда қызылша ауруының белгілері байқалса , дәрігерлік көмекке жүгіну  арқылы, инфекцияны нақты анықтауға шақырамыз. Қойылған диагноз арқылы ем алуды ерте анықтап, асқынуларды болдырмауға жол береді.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстан Республикасында ұлттық профилактикалық күнтізбесіне сәйкес алдын ала егу балаға екі рет 12 айда және 6 жасында жоспарлы түрде тегін жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылысырқаттан қорғануға болады. 

 

Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT