Қызылша

Қызылша – вирустан туындайтын өте жұқпалы, ауыр түрде өтетін сырқат, аталған аурумен сырқаттанған адамның орталық жүйке жүйесі зақымдалады.

Ауру қалай беріледі? Инкубациялық кезең 7-21 күнаралығында созылады, жұқпа көзінауқас адам. Ауру ауа-тамшылы жолмен науқас адам сөйлегенде, жөтелгенденемесе түшкіргенде беріледі. Ауру өте жұқпалы, яғнибұрын сырқаттанбаған адам қызылшамен ауыратыннауқаспен қарым-қатынаста болғанда сырқаттану қаупі өтежоғары (егілмеген жағдайда). Сондай-ақ ауру қоздырғышыауа арқылы көшуі мүмкін, мысалы көп пәтерлі үйлердебаспалдақ, желдету шахтасы арқылы. Вирус ауада немесеинфекция жұқтырылған беткейлерде 2 сағатқа дейінбелсенді және жұқпалы болып қалады.

Қызылшаның белгілері. Қызылша дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, жөтел, мұрыннан су ағумен басталады. Көздіңзақымдануыжасаурау, конъюнктивит (қабақтыңшырышты қабаттарының қабынуы) белгілі жағдай. Негізгібелгілері жіті респираторлық вирустық инфекцияларғаұқсас, 2-3 күнге дейін (кей кездері 5-6 күн) сақталады, оданкейін қызғылт нүктебөртпе пайда болады, олар бір-бірімен қосылып даққа айналады. Алғашында адамныңбасында (құлақ арты, беті) пайда болады, бөртпе ақырындап2-3 күннің ішінде төменге түсіп, аяққа дейін жетеді.

Қызылшаның алдын алу. Инфекцияға қарсы ең қолжетімдіжәне тиімді шара вакцинация болып табылады. Қызылшағақарсы вакцина 20 жылға дейін сақталатын иммунитет қалыптастырады. Ұлттық профилактикалық егукүнтізбесіне сәйкес екпе жүргізіледі. Қызылшаның арнайыемі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануғаболады. 

Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелгеұшыратпаңызқажетті профилактикалық егулерді уақтылыалыңыз!

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысы СЭБД басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT