Қызылша — вирусты жұқпалы ауру, ауа тамшы жолдары арқылы таралады. Қызылшаның вирусы адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы еніп, көбейеді.
Қызылша ауруымен әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Аурудың негізгі белгісі науқас денесінде қызғылт түсті бөрітпелердің сатылап пайда болуы: шаш сызығынан басталып бетіне, мойын, кеудесімен төмен қарай таралады. Бөртпелер пайда болғағанға дейін 4 күн, пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде жұқпалы болып саналады. Негізінде қызылша ауруы асқынуларыменен қауіпті, олар —ми қабықтарының, ортаңғы құлақтың, кеңірдектің, бронхының, өкпенің қабынуы.
Сондықтан қызылша ауруының алдын алудың бірден—бір жолы қызылшаға қарсы жоспарлы екпе жүргізу (вакцинациялау). Профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакциналау бала 1 жасқа және 6 жасқа толғанда тегін жүргізіледі. Балаларға жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін екпенің дені сау болып өсуіне үлесі зор екенін бірнеше жылғы еңбек тәжірбиемде айқындадым.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың денсаулығы жақсы болсын десеңіздер, жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін екпені емханаларға келіп салдыруға педиатр дәрігер ретінде кеңес беремін.
Исатай аудандық ауруханасының педиатр дәрігері
Қайрденова Сауле Мұратқызы