Қызылша – ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру. Бұл инфекциямен ауыратындардың көпшілігі – қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар.
Қызылшаның белгілеріне: қызба, жөтел, мұрыннан су ағу және коньюнктивит жатады. Алайда, ең тән және оңай танылатын – бұл беттен басталып, бүкіл денеге таралатын қызыл бөртпе. Сонымен қатар, қызылша пневмония, энцефалит және басқа қабыну процестері сияқты ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.
Аурудың жұғу жолдары:
- Сөйлесу кезінде
- Жөтелгенде
- Түшкіргенде
Асқынулары:
Қызылшаның асқынуы жиі пневмонияға әкеледі. Балаларда тыныс алудың қиындауы, кейде стоматит болуы мүмкін. Ересектерде менингит, менингоэнцефалит, полиневрит, қызылша энцефалиті дамуы ықтимал.
Аурудың белгілері пайда болған кезде:
- Өзін-өзі емдемеңіз, дәрігерді үйге шақырмаңыз және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алыңыз;
- Үйде болу, жұмыс орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға бармау;
- Ауру балалары мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу.
Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары