Маймыл шешегінің берілу жолдары қандай

 

Маймыл шешегі — маймыл шешегі вирусынан туындаған зоонозды ауру.

Инфекция көзі. Маймыл шешегінің табиғи резервуары белгісіз. Алайда африкалық кеміргіштер және  маймылдар вирусты тасымалдаушылар және адамдарға жұқтырушылар болып табылады.

Берілу жолдары:

Жабайы жануарлармен байланыста болу – приматтар (маймылдар) және кеміргіштер (тиіндер);

2) Маймыл шешегі ауруымен ауыратын адаммен тығыз физикалық байланыста болу (вирус организмге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді).

3) Ауа-тамшы жолымен (науқас адаммен жабық үй-жайда бірге болғанда) және терінің зақымдалуы арқылы немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттарды ұстағанда жұғады.

Клиникалық көрінісі.

Инкубациялық кезеңі – 5 күннен 21 күнге дейін. Адамдардағы клиникасы – жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы.

Шет елдерге шығатын адамдарға ұсынымдар:

1) Шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеу, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, маскаларды, дезқұралдарды) пайдалану, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтаңыз.

2) Егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.

 

 

Ирбатырова Гүлназ Абайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT