Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 1 сәуірге дейін мәртебесі анықталмағандар осы уақыттан бастап үш айдың жарнасын төлеуге тура келеді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің айтуынша, қазақстандықтардың барлығы наурыз айының соңына дейін «шартты түрде» сақтандырылған болып саналады.
«Былайша айтқанда, қазіргі уақытта халықтың сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан жаңа жүйенің артықшылықтарын көріп, сақтандыру пакетіне енген қызметтерді пайдалануына мүмкіндік беріліп отыр. Алайда, бұл сақтандырылмаған тұрғындарды жарна төлеу міндетінен босатады деген сөз емес. Бірінші сәуірге дейін мәртебесі анықталмай, сақтандырылмағандар осы уақыттан бастап үш айдың қарызын өтеуге тура келеді. Сондықтан, әрбір азамат өзінің мәртебесін анықтауы қажет» деп нақтылады ол.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Сурет: ашық дереккөзден