Маусымдық тамақтану орнын ашу үшін қандай заң талаптарын білу керек?

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздің сұрағыңыз бойынша төмендегідей хабарлайды:

 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкесобъектілер эпидемиялық мәні жоғары объектілер және  эпидемиялық мәні болмашы объектілер  болып екіге бөлінеді. Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге отыратын орын саны 50-ден асатын тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері. Эпидемиялық мәні болмашы объектілерге отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар жатады.

Тамақтану объектілерінде отыратын орын саны 50-ден асатын болса эпидемиялық мәні жоғары объектілерге қатарына жатады және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес  санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынады.

Егерде маусымдық тамақтану объектіңіздің отыратын орын саны 50 және одан аз болса эпидемиологиялық мәні болмашы объектілер қатарына жатады және  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің  9-бабының 27 тармағына сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiм арқылы жібереді.

 

 А. Искакова

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT