Медициналық ұйымдардағы қол гигиенасы

2008 жылдан бастап жыл сайын 5 мамырда Дүниежүзілік таза қол күні өткізіледі.

Бұл күнадамдарға қол жуудың денсаулыққа әсерін ескесалуға, бұл процедураны үйде де, сыртта да нормаға айналдыруға арналған. Бұл күннің бастыміндетіқолды уақтылы және дұрыс жууға назараудару, өйткені бұл өзіңізді аурулардан қорғап ғанақоймай, олардың өсуін тоқтатудың ең тиімді әдісі.

 

Адамның қолдары қоршаған ортамен өзараәрекеттесудің негіздерінің бірі болып табылады. Қол гигиенасы стандартты сақтық шараларыныңнегізгі элементі және медициналық ұйымдардаауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарыныңберілу қаупін азайтудың міндетті компоненті болыптабылады.

 

Медицина қызметкерлерінің қолдары негізгі жұмысқұралы болып табылады және олар сонымен қатаржұқтыру тізбегінің негізгі буыны болып табылады.

 

Қолды өңдеу келесі әдістермен ерекшеленеді:

 

Сабынмен және сумен қалыпты жуу;

Қолды гигиеналық өңдеу;

Қолды хирургиялық дезинфекциялау.

Қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығын естесақтау және осы процедураны қалай дұрысорындау керектігін білу қажет. Қолды дұрысөңдемеу қолдың ластануына әкеледі, соныменқатар қолғапты қолдану қолды дұрыс жуу жәнеөңдеу қажеттілігін жоймайды.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «қолгигиенасының 5 сәті» деп аталатын қол гигиенасыпринциптерін үйлестірді. Олар қолды өңдеубойынша төмендегі ұсыныстарды қамтиды:

 

науқаспен байланыс алдында;

таза және асептикалық процедуралар алдында;

дене сұйықтықтарымен байланыста болғаннанкейін;

науқаспен байланыста болғаннан кейін;

науқасты қоршаған ортамен байланыста болғаннанкейін.

Қол гигиенасы Денсаулық сақтау ұйымдарындаауруханаішілік микроорганизмдердің таралуыныңалдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болыптабылады. Қолды сабынмен мұқият жуу немесе 20-30 секунд ішінде антисептикпен өңдеу көптегенаурулардың алдын алады.


Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT