Медициналық қалдықтарды үй жағдайында қауіпсіз жоюды білеміз бе?

фото: интернеттен

Біз күнделікті қоқыс жәшігіне тастайтын тұрмыстық қалдықтардың көпшілігі адамдарға және қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Алайда, күнделікті өмірде зиянсыз болып көрінгенмен, бірақ мүлде ондай емес қалдықтарда кездеседі. Осындай қалдықтарға келесі медициналық қалдықтар жатады: пайдаланылған шприцтер, тамыр ішілік тамшылар, мақта шарлары, таңу материалдары, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, құрамында сынап бар термометрлер, батарейкалар,  люминесцентті шамдар.

Өмірде үй жағдайында инъекциялар, тамыр ішілік тамшылар енгізуге тура келетін жағдайлар кездесіп, одан кейін бір рет қолданылған шприцтер, системалар қалады. Пайдаланылған шприцтер мен системалар үй жағдайында пайда болатын жалғыз медициналық қалдықтар емес.  Қазір әр отбасында медициналық көмек көрсету қобдишасы бар, оның ішінде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер болуы мүмкін. Оларды қоқыс жәшігіне тастауға немесе кәрізге құюға болмайды, бұл жер асты суларының, жануарлар мен адамдардың улануына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ сынапты термометрлер қауіптілігі де аз емес. Шприц қолына кездейсоқ түсіп кеткен кішкентай балаларға ғана емес, сонымен қатар тазалаушыларға, қоқыс шығаратын компаниялардың қызметкерлеріне және басқа адамдарға қауіп туғызады.  Егер адам қауіпті аурумен, мәселен, В немесе Г гепатиті, АИТВ инфекцияланған болса,   қолданылған шприц жұқпа көзі болады.

Тұрмыстық жағдайда дәрі-дәрмектерді тастау үшін тығыз жабылған контейнерлерді немесе қаптамаларды қолдану қажет, олар  жануарларды баспанасыз адамдарды қорғайды – мұндай жағдайда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді кездейсоқ  пайдалану мүмкін еместігін есте ұстаған жөн.

Кездейсоқ жарақаттардың алдын алу үшін пайдаланылған шприцтерді арнайы пластикалық контейнерлерде жинау керек. Мұндай контейнерлер тесуге төзімді материалдан жасалған және герметикалық жабылатын қақпақпен жабдықталады.  Арнайы контейнерлер болмаса, оның орнына төзімді пластиктен немесе картоннан жасалған басқа сыйымдылықтарды  қолдануға болады. Оның ішінде өткір заттар бар екендігі туралы міндетті түрде ескерту жазбасын жазыңыз.

Батареяларды, құрамында сынабы бар термометрлерді, люминесцентті лампаларды жалпы контейнерге тастауға болмайды.

Тұрмыстық жағдайда кез-келген манипуляциялар үшін жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажет.

Үйде қолданылған бетперделер (оның ішінде түшкіру және жөтел кезінде пайдаланған майлықтар), қолғаптар және басқа да өнімдер коммуналдық қалдықтарға теңестіріледі.

Кез келген жұқпалы аурумен сырқаттантанушы немесе тасымалдаушы адамдардың өмір сүру кезеңінде тұрғын үй-жайларда түзілетін қалдықтар қоршаған орта және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және кәдеге жаратуға қатысатын адамдар үшін  белгілі бір эпидемиялық қауіп төндіреді.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға үй жағдайында пайда болатын медициналық қалдықтарды  нұсқамаларға сәйкес жоюды ұсынады.

Үйде медициналық қалдықтармен дұрыс жұмыс жүргізу Сіздің денсаулығыңыздың ғана емес, сонымен қатар жақындарыңыздың да денсаулығының кепілі екенін әрдайым есте сақтаңыз.

 

Бекешева Әлия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

басшысының міндетін атқарушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT