Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу

фото: интернеттен

Аталған инфекция стационарда (ауруханаішілік инфекция-АІИ), емханада, медициналық қызмст жүргізілетін басқа да ұйымдарда, үй жағдайында медициналық көмек көрсетілген науқаста пайда болған инфекция медциналық көмек көрсетумен байланысты инфекция деп аталады. Бүгінгі күнге медциналық көмек көрсетумен байланысты инфекция медицина саласында ең басты мәселенің бірі.

 

Науқас инфекцияны емделу мақсатында ауруханаға жатқаннан немесе медициналық ұйымға қаралғаннан кейін және медициналық қызметкер оларға кәсіптік көмегін көрсеткеннен кейін жұқтыруы мүмкін. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың қоздырғыштары 2 жолмен таралады: ауа–тамшы және қарым–қатынас арқылы. 
Негізгі берілу факторы болып ауа, медициналық қызметкерлерінің қолы, қоршаған ортаның көптеген нысандары саналады (төсек жабдықтары, таңу материалдары, медициналық құрал-жабдықтар, аппараттар).

Бүгінгі күні микробтар мен бактериялардың түрі өзгерген, қоршаған ортаға байланысты ыңғайлануда, медициналық дәрі-дәрмектер мен зарарсыздандырғыш заттарына төзімді болып, «аурухана штаммдарына» айналған. Сол себептен олар сепсис, пневмония, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек, зәр-шығару органдарын зақымдайтын ең ауыр ақауларды және басқа да жағдайларды тудырады.
Олар балалар және иммундық жүйесі төмен науқас адамдар, әсіресе қарт адамдар арасында оңай таралады. Оның ішінде вирустық В,С және Д гепатиттері қоздырғыштары вирустарының  қан арқылы берілуі ерекше орын алады.

Инфекцияны емхананың стоматолог дәрігеріне және проктолог, гинеколог дәрігерлеріне қаралғанда «жұқтырып» алуы мүмкін.  Инфекцияның таралу жолдары мен факторларының маңыздылығы аурухананың түріне байланысты. Мысалы, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы инфекцияның негізгі көзі - ол стафилококк тасымалдаушы медициналық қызметкерлер, жетекші фактор - ауа, ал күйік бөлімдерінде инфекцияның көзі- аурулар болғандықтан, берілу факторлары персоналдың қолдары, пайдаланған бұйымдар болып табылады. «Гастроскопия» тексерулері , көптеген медициналық ұйымдарда ыңғайлы және жұмсақ, бірақ қолмен зарарсыздандырылатын эндоскоптар пайдаланылады. Сонымен қатар жұмыс барысында құрылымына байланысты зарарсыздандыруға қиындық тудыратын медициналық құрал–жабдықтардың қолданылуы мүмкін. Осындай жағдайда барлығы да медициналық құрал–жабдықтардың пайдаланылғаннан кейін дұрыс және сапалы өңделуіне байланысты. Егер медбике манипуляция ережесін бұзса, қарапайым ине салудың өзі де жағымсыз жағдайлардың себебі болуы мүмкін. Ал қан сараптамасын тапсыру процедурасы – пациенттер үшін қауіпсіз, себебі бір реттік стерильді құрал–жабдықтар қолданылады. 
Инфекциядан қалай сақтануға болады? Бүгінгі күнге медициналық ұйымдардың көбісі қажетті медициналық–құрал жабдықтармен, зарарсыздандыру заттарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Соған қарамастан, технологияның дамуына байланысты әр түрлі ем шаралар жасайтын, пациент пен медициналық қызметкер арасында инфекцияның таралу қаупін туғызатын жаңа заманға сай диагностикалық және емдік қондырғылар қолданылады. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу мақсатында стационарларда медициналық қызметкерлер ең бастысы дезинфекциялау, зарарсыздандыру іс-шараларын мұқият орындауы қажет.


Исатай аудандық СЭБ басшысы  Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521