Медициналық мекемелер халықты қабылдауды қайта бастайды

Тамыз айынан бастап, жоспарлы медициналық қызмет көрсету қалпына келеді.

Пандемия кезінде елдегі медициналық мекеме қызметкерлері COVID-19-бен күреске жаппай жұмылдырылған еді.

Сол кезде дәрігерлер халықты жаппай қабылдауды уақытша тоқтатты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ең алдымен республикалық клиникалардың жұмысы жанданады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бастапқыда ауруханалардағы профильді және жоспарлы орындар 50 пайыз қызмет көрсететін болады.

Дәрігерлерге келетін азаматтар үшін медициналық мекемелер дезинфекциялық тазалаудан өтеді. Санитарлық талаптар қатаң сақталады.

aikyn.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521