Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру барысында балалардың жаппай улануына жол бермеу, мектеп оқушыларының тамақтануын дұрыс ұйымдастыру, олардың дұрыс өсіп-жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Санитариялық-эидемиологиялық қызмет тарапынан үнемі айтатынымыз ол үшін мектеп асханаларының жағдайы санитариялық талаптарға сәйкес болуы және бұл асханаларда дайындалатын тағамның қауіпсіз болуы тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік білім беру объектілерінде орналасқан асханалардың көпшілігін жеке кәсіпкерлер жалға алып қызмет көрсетіп отыр. Мектептегі тамақтану жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық ақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен, білім беру объектілерінде тамақтану нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.Осы қағида талаптарын сақтауға, оның ішінде сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру, қызметкерлердің медициналық байқаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық жағдайын қатаң бақылауға алу мектеп директорларының, мектеп асханаларын жалға алушы жеке кәсіпкерлердің міндеті болып табылады. Себебі баланың денсаулығы-бәрінен де маңызды. Сондықтан да «ауру астан демекші» мектеп оқушылар арасында жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі санитариялық талаптардың сақталуына аса назар аударуды сұраймын.
- Білім беру объектісінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы
- Үздіксіз орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықталуы
- Кәріз жүйелерінің болуы, жарық, жылумен, желдетумен қамтамасыз етілуі
- Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесінің болуы
- Жылу және ылғал бөлу жабдықтарының үстінде жергілікті сору жүйелері жабдығының орнатылуы
- Технологиялық процесс ағындылығын сақтау үшін қажетті үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың, тоңазытқыштардың жеткілікті болуы
- Асхана қоймасының болуы
- Күнделікті ылғалды тазалау және дезинфекциялаудың жүргізілуі
- Жәндік, кенелер мен кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралар атқарылуы
- Асхана қызметкерлерінің медициналық байқаудан өткендігі туралы жеке медициналық кітапшаларының болуы
- Дене қызуы көтерілген, жарақаттары бар жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған қызметкерлерді жұмыс орнынан шеттету.
- Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раковиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құрал жабдықтардың жеткілікті болуы
- Сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру асхана қоймасына тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын сапасымен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарымен ғана қабылдау
- Мекеме басшысы тарапынан бекітілген перспективалық ас мәзіріне сәйкес күнделікті асханада тамақтың дайындалуы, мәзірді әзірлеу кезінде тамақтанушылардың болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
- Медициналық қызметкер немесе жауапты маман тарапынан дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізу
- Бракеражды комиссиясының қызметін күшейту: комиссия құрамына медицина, әкімшілік қызметкері өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіледі және мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Б.Картмаганбетова