мектеп жиһаздарына қойылатын талаптар

фото; интернеттен

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады. Санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін мектеп жиһазын пайдалану ұзақ мерзімді өнімділікті қамтамасыз ету, дұрыс физикалық даму, оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін үлкен маңызға ие.

 Оқу процесінің тиімділігі үшін ол ыңғайлы, қауіпсіз көпфункционалды (мобильді) болуы керек. Шынында да, баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы осыған байланысты. Ыңғайсыз қалыптан және шамадан тыс жүктемелерден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы оқушы орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға болатын кең, ыңғайлы оқушы үстелдерінде отыруы өте маңызды. Дұрыс таңдалған оқу орны сколиоздың дамуына жол бермейді, сонымен қатар көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді және оның эмоционалды жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу қажет. Ол үстелдің үстінде қолдың дұрыс орналасуына ықпал етуі, аяқ еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы керек, орындықтың арқасы мен отырғышының арасында бос орын болуы тиіс, орындықта отырған баланың тізесі қысылмауы керек. Яғни, жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Білім беру объектілерін таңбаланған мектеп жиһазымен жарақтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологиялардың пайда болуын болдырмауға көмектеседі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы бойынша «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтарды қоса алғанда, жиһаз және жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойы мен жасына сәйкес келуі тиіс. Спорттық, ойын жабдықтары жарамды күйде ұсталуы керек. Оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалары бар орындықтармен жабдықталады. Есту, көру қабілеті бұзылған оқушылар мен тәрбиеленушілер - тақтадан алдыңғы үстелдерге, суық тиюмен жиі ауыратындарды сыртқы қабырғадан алысырақ отырғызылады.Оқу бөлмелеріндегі жиһаз - табиғи бүйірлік сол жақ жарықтандыруды қамтамасыз етуді ескере отырып орнатылады. Қазіргі уақытта мектеп жиһазына қойылатын барлық талаптардың орындалуы қатаң екенін есте ұстаған жөн. Олар оқу процесін ұйымдастырудың сапасына тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар мектеп жиһазының толық қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді. Сондықтан, жиһазды таңдағанда сәйкестік сертификаттарымен танысу керек, бұл сізге дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.

 

Исатай аудандық СЭББ басшысы                         Б.Картмаганбетова

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT